Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады

1491

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қазанда ТМД-ға мүше мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Кеңес бейнебайланыс режимінде Беларусь Республикасының төрағалығымен өтеді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«ТМД елдерінің басшылары достастық аясындағы ынтымақтастықты тереңдетудің жағдайы мен перспективаларын талқылайды», - деп жазды Уәли Facebook парақшасында.


Айта кетері, 2022 жылы ТМД ұйымына Қазақстан төрағалық етеді.

2020 жылы ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы онлайн режимде өтті. Іс-шараға Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан президенттері қатысты.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы – 1991 жылы 21 желтоқсанда құрылған халықаралық ұйым.

Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/politics/20211013/18396950/toqaev-tmd-memleket-kenes.html

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить