Университеттерде 300-ден астам жаңа білім бағдарламасы енгізілді

Қыркүйектен бері қазақстандық жоғары оқу орындарында 300-ден астам жаңа білім беру бағдарламасы енгізілді. Олар еңбек нарығындағы сұраныс пен жұмыс берушілердің маманға қоятын талабына сәйкес әзірленген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа оқу бағдарламалары бойынша болашақ инженерлер, құрылысшы мен педагогтер, менеджерлер, экономист пен заңгерлерді және басқа да мамандар білім алады. Мысалы, ядролық медицина, smart city технологиялары, математикалық экономика, статистика және деректерді талдау, білім берудегі физика, ғылыми тарих, new media, тау-кен ісіндегі 3D модельдеу инженері, наноматериалдар және нанотехнологиялар бойынша маман даярлайды.

IT-мамандарға деген сұраныстың артуына байланысты ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында да жаңа білім беру бағдарламасы енгізілді.

«Жаңа оқу жылынан бастап университеттер big data analysis (ауқымды деректерді талдау), жасанды интеллект технологиясы, криптология, IT-құқық, digital engineering, робототехникалық жүйелер, data science, киберфизикалық жүйелер, роботтандырылған пилотсыз ұшу аппараттары, IT-менеджмент, цифрлық экономика сияқты бағдарламалар бойынша мыңдаған маманды оқытады», - деп хабарлады министрлік.
2021 жылы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына10 мыңға жуық грант бөлінді, бұл 2018 жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Сонымен қатар ЖОО-лар студенттерге жұмыс беретін IT-компаниялармен байланыс орнатып жатыр.

«Дуалды оқыту белсенді түрде енгізіліп жатыр, студенттер оқу уақытының 40%-ін кәсіпорындарда өткізеді», - деп нақтылады білім және ғылым министрлігі.

Барлық жаңа білім беру бағдарламасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасының тізіліміне енгізілген.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
647 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Загрузка...
22 октября родились
Бауыржан Урынбасаров
директор филиала АО «НК «ҚТЖ» – «Дирекция магистральной сети»
Нуржами Алтынсака
заместитель председателя правления АО «Жилстройсбербанк Казахстана»
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить