Sputnik - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев актер, кинорежиссер Досхан Жолжақсыновты марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
"Ұлттық мәдениетті, кинематографияны және театр өнерін дамытуға қосқан айрықша еңбегі үшін Досхан Қалиұлы Жолжақсынов "Отан" орденімен наградталсын", - делінген президент жарлығында.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Досхан Жолжақсынов 1951 жылы 7 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында туған. Актер әрі кинорежиссер бүгін 70 жасқа толды.
Ол Қазақстанның халық әртісі (1995 жыл), Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының екі мәрте иегері (1996 жыл, 2016 жыл) және Қырғыз Қырғыз Республикасының Еңбек сіңірген артисі (1996 жыл).
Режиссер ретінде "Біржан сал", "Құнанбай" фильмдерінің шығуына еңбек етті.
Айта кетері, Алматы күні қарсаңында Досхан Жолжақсыновқа "Алматының құрметті азаматы" атағы берілді.
Вам может быть интересно: «ҚР Президенті Кореяның ұлттық батыры Хон Бом Доның құрметіне орай өткен рәсімге қатысты»