Нұр-Сұлтанда тағы бір вакцинация пункті ашылды. Азаматтарды КВИ-ға қарсы вакцинациялауға арналған аймақ Гете көшесіндегі теміржол вокзалында (ескі вокзал) ұйымдастырылды. Вакцинация пункті ғимараттың кіреберісінің жанында 1 қабатта орналасқан. Егу пунктінде, барлық басқа вакцинация пункттеріндегідей, азаматтардың таңдауына вакцинаның үш түрі ұсынылады: Спутник, QazVac, Sinofarm.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін егу пункттері "Нұрлы жол" теміржол вокзалында және Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында ұйымдастырылған болатын.
Қазіргі уақытта қала бойынша сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері жанында 5 вакцинация пункті орналасқан: "Керуен" сауда ойын-сауық орталығы, "Хан Шатыр", "Азия Парк", "Абу Даби Плаза" және "Евразия" сауда үйінде. Вакцинация пункттері медициналық мекемелерде де орналасқан. Барлығы 84 вакцинация пункті, сондай-ақ еңбек ұжымдарын вакцинациялау үшін көшпелі бригадалар жұмысын жалғастыруда.
Вам может быть интересно: «ҚР Президенті Кореяның ұлттық батыры Хон Бом Доның құрметіне орай өткен рәсімге қатысты»