Қазақстан және Индонезия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық талқыланды

Қазақстан Елшісі Данияр Сарекенов Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-индонезиялық үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Индонезияның Экономика істері жөніндегі үйлестіруші министрі Аэрланга Хартартомен кездесті.

Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын, экономиканың маңызды салаларындағы өзара әрекеттестіктің басым бағыттарын, сондай-ақ екіжақты тауар айналымының одан әрі өсуі бойынша шараларды талқылады.

Елші мемлекетіміздің қолайлы іскерлік және инвестициялық ортасы, транзиттік-көліктік әлеуеті туралы ақпарат ұсынып, индонезиялық компанияларды Қазақстандағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін белсенді қатысуға шақырды.

А. Хартарто КОВИД-19 пандемиясынан кейінгі кезеңде екі ел арасындағы сауда-экономикалық әрекеттестікті арттыру қажеттілігіне сенім білдірді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте