Қазақстан Елшісі Пәкістан Сенатының Төрағасымен кездесу өткізді

Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістан Сенатының Төрағасы, Мұхаммад Садық Санджрани мырзамен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында экономикалық ынтымақтастықтан мәдени байланыстарға дейінгі екіжақты мәселелердің кең ауқымы талқыланды.

Сенат Төрағасы Пәкістан тарапының Қазақстанмен әріптестік байланыстарды арттыруда мүдделілігін білдіріп, Қазақстан Республикасы Парламентінің мүшелерін заңнамалық мекемелері арасындағы ынтымақтастықты жолға қою үшін Исламабадқа келуге ұсынды. Ол сонымен қатар Қазақстанды Пәкістан экономикасына инвестиция жасауға шақырды.

Өз кезегінде, Елші Сенат басшысын екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі ахуалы туралы хабардар етті, сондай-ақ екі ел арасындағы достық байланыстарды одан әрі нығайту жөніндегі өз көзқарасымен бөлісті.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте