Елордада қалдықтарды кешенді басқару бойынша жеке серіктесті іріктеуге конкурс жарияланды

Елорданың қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы «Нұр-Сұлтан қаласында қалдықтарды кешенді басқару жүйесін ұйымдастыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында тікелей келіссөздер арқылы жеке серіктестікке конкурс жариялайды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

МЖӘ жобасын іске асыру мерзімі 30 жылды (360 ай) құрайды.

Қаржыландыру көздері - әлеуетті жекеменшік әріптестің өз қаражаты және қарыз қаражаты.

Жоба аясында серіктес қатты тұрмыстық қалдықтарды, сондай-ақ құрылыс қалдықтарын жинау, тасымалдау, сұрыптау, қайта өңдеу және кәдеге жарату, қалдықтарды кешенді басқарудың ақпараттық жүйесін енгізу бойынша қызметтер көрсететін болады.

МЖӘ жобасын іске асыру үшін қажетті және әлеуетті әріптестің меншік және/немесе ұзақ мерзімді жалға алу құқығындағы мүлік:

- кемінде 57 қоқыс тасығыш;

- 7 617 контейнерден кем емес.

МЖӘ жобасы мемлекеттік қолдау шараларын көздемейді.

Жобаны іске асыруға қызығушылық танытқан жағдайда тиісті құжаттарды Қазақстан Республикасы, Қазақстан Республикасы 010000, Нұр-Сұлтан қ, Сарыарқа даңғылы, 13, 4-қабат, 413-кабинет мекенжайы бойынша қолма-қол немесе тапсырыстық пошта арқылы ұсыну қажет.

Ұсыныстар 30 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте