Санақтан онлайн өткендер саны 6 миллионнан асты

895

Санақтан онлайн өткендер қатары 6 миллионнан асты. Осылайша бүгінде санаққа қатысқан халық үлесі 31,8%-ті құрады, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

28 қыркүйекте сағат 17:00-дегі жағдай бойынша 6044448 респондент онлайн санақтан өтті. Олардың 5223509-ы sanaq.gov.kz сайтында, 584586 адам Egov порталында тіркелу арқылы жауап берсе, 236353 адам санаққа Аitu қосымшасы арқылы қатысты.

Онлайн санақтан өткендер саны бойынша Түркістан облысы алда. Мұнда 799457 тұрғын санақтан өткені жайлы хабарлама алған. Онлайн санақтан өткен тағы 663522 адам Алматы облысында тіркелген. Үздік үштікті Шығыс Қазақстан облысы түйіндеді. Мұнда 575409 адам санақ сауалдарына жауап берді.

Бұл көрсеткіш бойынша әзірге соңғы екі орынды Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары еншілеп тұр. Бұл өңірлерде сәйкесінше 168158 және 148428 адам санақтан өтіпті.

Ал, жергілікті халық санына шаққандағы санақтан өткендердің үлесі бойынша Қызылорда облысы алда тұр. Мұнда азаматтардың 47,6% сауалдарға жауап берген (1 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 823052 адам тіркелген). Бұл көрсеткіш бойынша Шығыс Қазақстан облысы екінші орында. Мұнда тұрғындардың 42,3% бүгінге дейін санақтан онлайн режимде өткен (1 тамыздағы жағдай бойынша өңірде 1361163 адам тіркелген).

Ұлттық статистика бюросы азаматтардың белсенділігі үшін алғыс айта отырып, санақты онлайн өтуге шақырады. sanaq.gov.kz сайты 15 қазанға дейін тәулік бойы қолжетімді болмақ. Онлайн санақтан өтпегендер 1-30 қазан аралығында интервьюерлердің сауалдарына жауап бере алады. Барлық сауалдар бойынша 1446 байланыс орталығына хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить