Алматыда бір тәулікте 7,4 мың адам вакцина алды

917

Алматы қаласында бір тәулікте 7 469 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

«27 қыркүйек күні 7469 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 2 746, II компонентін 4 723 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 27 қыркүйегі аралығында қалада 946 202 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 846 787 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 117 761 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 149 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 214 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить