Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны төмендеп жатыр – Цой

669

 Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде вирус жұқтыру мен өлім-жітім көрсеткіші төмендегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, Қазақстанда аурушаңдық соңғы екі аптада 36%-ке төмендеді.

"Елімізде тамыздың екінші жартысынан эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келе жатқаны байқалады. Аурушаңдық 3,2 есеге (аптасына 54 914 адамнан 17 341 адамға дейін), ал өлім-жітім 2,7 есе (аптасына 945-тен 346 жағдайға дейін) төмендеді", - деді Цой үкімет отырысында.
Сондай-ақ министрдің мәліметінше, соңғы айда тәулігіне індетке шалдыққандар саны 3,6 есе төмендеген. Стационарлық емде жатқан науқастар саны да 2,4 есе – 27 тамыздағы жағдай бойынша 25 мыңнан 27 қыркүйекте 10,5 мың адамға дейін азайды. Амбулаторлық ем қабылдап жатқан пациенттер саны 1,7 есе – 89 мыңнан 51 мың адамға дейін қысқарды.

Сонымен қатар Цой 23 тамыздан бері тәулігіне коронавирустан сауығып шыққандар саны тәулігіне вирус жұқтырғандар санынан асып түскенін мәлімдеді.

"Бұл да эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтанғанын көрсетеді", - деді ол.

Жалпы республикада 57 ковидтік стационар жабылған.

Бұған қоса, ведомство басшысы эпидемиологиялық ахуал матрицасына тоқталды.

Қазір "жасыл" аймақта 4 өңір – Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары тұр.

Қазақстан Республикасы мен 8 өңір – "сары" аймақта. Олар Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Қалған 5 өңір "қызыл" аймақта орналасқан.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить