eGov mobile-ге атаулы әлеуметтік көмек алушының құжатын жүктеуге болады

1018

Атаулы әлеуметтік көмек алушы электрондық үкімет қосымшасына жаңа құжатты жүктейді және онымен бөлісе алады, деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясы.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ әлеуметтік көмек алушы қазақстандықтарға ыңғайлы болу үшін электронды үкімет қосымшасына жаңа құжатты қосу интеграциясын жүргізді.

«Сервис өзімен бірге құжаттың түпнұсқасы жоқ адамдарға пайдалы. Оны көрсету үшін электронды үкімет қосымшасында авторлану қажет, атаулы АӘК-ның құжаты eGov mobile қосымшасында «цифрлық құжаттар» бөлімінде орналасқан. Атаулы әлеуметтік көмекті алушы QR код арқылы оған қол жеткізе алады, бұл құжатты сұратушы тарапқа оның түпнұсқалығына көз жеткізуге көмектеседі», делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда eGov mobile қосымшасында 18 цифрлық құжат қолжетімді, сонымен бірге - жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, диплом, студент билеті және т.б.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить