Нығматулин Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі. 

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2021 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын», - деп жазылған өкім мәтінінде.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте