Қазақстанда 15,7 мыңнан астам шетелдік еңбек етіп жүр

1509

1 тамыздағы жағдай бойынша 15 786 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан Республикасының аумағында еңбек етіп жүр, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

«Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттың ішінде мынадай санаттар бар: бірінші санат – 661 (басшылар және олардың орынбасары), екінші санат – 3 283 (құрылымдық бөлімше басшылары). Тартылған ШЖК-нің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 619 адам және 384 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 1 952 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде – 1 887 адам тартылған», делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, қазіргі уақытта елімізде шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 801 жұмыс беруші бар. Оларда шамамен 485 мың қазақстандық жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 96%-ы.

Еңбек мигранттар шығатын негізгі елдер келесі: Қытай – 3 785 адам, Өзбекстан – 1 982 адам, Түркия – 1 443 адам, Үндістан – 1 031 адам, Ұлыбритания – 948 адам.

Естеріңізге сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді. 2021 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31%-ды немесе 29,3 мың бірлікті құрады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить