Жасұлан Сәрсембай Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы болып тағайындалды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Жасұлан Аманжолұлы Сәрсембай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы болып тағайындалды. Бұл туралы Елбасының ресми сайты хабарлайды.
Бұдан бұрынғы Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы қызметін атқарған Батырбек Байбосынов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Батырбек Байбосынов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
Айта кетсек, бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды .
Вам может быть интересно: «ҚР Президенті Кореяның ұлттық батыры Хон Бом Доның құрметіне орай өткен рәсімге қатысты»