СҚО-да азық-түлік бағасы көтерілді

Ұлттық статистика бюросының СҚО бойынша департаментінің мәліметінше, биылғы қаңтар-шілдедегі инфляция 5,3%-ды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ең көп қымбаттағаны – азық-түлік. Мәселен көкөністер жыл басынан 21,3%-ға, май және тоң май - 11,5%-ға, қант - 10,3%-ға, нан – 9,8%-ға, ұн 9,6%-ға қымбаттады. Бағасы өскен азық-түліктің ішінде жармалар, балық және теңіз өнімдері, алкогольсіз

сусындар, тоқаш және ұннан дайындалған кондитер, сүт өнімдері бар. Олар 8,4-1,5% аралығында қымбаттаған. Алайда жұмыртқа 10,4%-ға, күріш 7,9%-ға арзандады.

Жеті айдың ішінде бензин 16,4%-ға, автомобильдер 6,9%-ға, үйге қажетті заттар 4,7%-ға, гигиеналық тауарларға – 4%-ға, жуу және тазалау құралдарына 3,8%-ға, фармацевтикалық өнімдерге 2,5%-ға, киім және аяқ киімге 2%-ға қымбаттады.

Бұдан басқа тарифтерде де өзгеріс бар. Мәселен электр қуаты – 18,5%-ға, тарату желісі бойынша тасымалданатын газ 9,9%-ға өскен. Пошта

қызметінде, нотариус, сақтандыру қызметтерінде, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтер де 6,5-2% аралығында өскен.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте