Якутиядағы орман өртінің түтіні Қазақстандағы ауа сапасына әсер етті – Қазгидромет

1219

Тамыз айының бірінші онкүндігінде Ресейдің Якутия аймағындағы орман өрт түтіні Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірлеріне тарады. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

«Тамыз айының бірінші онкүндігінің ортасынан бастап, Батыс Сібірдің үстінде биік циклон орналасты. Бұл орман өрті болып жатқан Якутия аймақтарынан Батыс Сібірдің оңтүстігіне ауа массасын тасымалдауға ықпал етті. Бұдан әрі орман өрттерінен түтін пердесінің шлейфі Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірлеріне біртіндеп таралды. Сонымен қатар жергілікті дала өрті (ШҚО) атмосфералық ауа сапасының нашарлауына қосымша ықпал етті», - делінген Қазгидромет хабарламасында.

2021 жылдың 9-10 тамызында Шығыс Қазақстан облысының аумағында атмосфералық ауада шекті рұқсат етілген нормадан асып кету жағдайлары тіркелген.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить