Түркістан қаласында күш-қуат құрылымдарына жаңа ғимараттар салынып жатыр

 Түркістан қаласында облыстың күш құрылымдары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін жаңа ғимараттар салынып жатыр.

Әкімшілік-іскерлік орталықта орналасқан мемелеттік нысандарды облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аралап көріп, ондағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда Мемлекеттік кірістер департаменті ғимаратының құрылысы аяқталуға жақын. Нысанның жалпы аумағы 9 мың шаршы метрді құрайды. Қазір сыртқы абаттандыру жұмыстары және ішкі құрал-жабдықтарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Сәулетті ғимарат жақын күндері пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Төтенше жағдайлар департаменті мен «Өрт сөндіру-құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі үшін әкімшілік ғимарат, 4 автокөлік сыятын өрт сөндіру бекетінің құрылысы да қарқынды жүріп жатыр. Жаңа нысан қыркүйек айында пайдалануға берілмек. Қазір ішкі әрлеу жұмыстары мен абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте