Бокс: Серік Теміржанов Токио Олимпиадасын жеңіспен бастады

1390

Токио Олимпиадасында боксшылар додасының шымылдығы түрілді. Қазақстан командасы сапынан алғаш болып Серік Теміржанов шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

57 келіде жұдырықтасқан Теміржанов бірінші жекпе-жекте венгриялық Роланд Галошпен кездесті. Аталған сын қазақстандық боксшыға айтарлықтай қиындық тудырған жоқ.

Серік Теміржанов қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Есеп – 5:0. Енді ол 16/1 финалда эквадорлық Жан Карлос Кайседо Пачитамен жекпе- жекке шығады.

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить