Ұлттық банк екінші деңгейлі банктердің өкілдерімен цифрлық теңге жобасын талқылады

1213

Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілдері қаржы нарығына қатысушылармен цифрлық теңге жобасын және цифрлық теңгені енгізу жөніндегі пилоттық жобаға екінші деңгейлі банктердің қатысу мүмкіндігін талқылады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.

Пікірталасқа 60 қатысушы, оның ішінде қаржы нарығының өкілдері мен төлем жүйелері саласындағы халықаралық сарапшылар қатысты. Кездесу барысында халықаралық тәжірибені талдау, пилоттық жобаға қатысуға қойылатын талаптар мен нарыққа қатысушыларды цифрлық теңге платформасында жаңа қаржы өнімдерін әзірлеуге тарту жөнінде жоспарлар ұсынылды.

Технологиялар мен төлем жүйелерінің жаппай дамуын ескере отырып, цифрлық теңге қолда бар қолма-қол және қолма-қол ақшасыз төлемдерге қосымша жаңа төлем құралы болу әлеуетіне ие. Оның міндеті – төлем қызметтері нарығында бәсекелестікті күшейту, халық үшін инновациялық сервистерді әзірлеуді жеделдету, сондай-ақ өңірлерде қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыру.

Қазіргі уақытта цифрлық валютаны құру және енгізу жөніндегі жобаларды әлемдегі орталық банктер жүзеге асыруда.

Қазақстан Ұлттық Банкі жобаның нәтижелерін жұртшылықпен және қаржы нарығымен жария талқылауды жалғастыруды және кездесу қорытындыларын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды мақсат тұтып отыр.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить