Олимпиада трансляциясы болады деп үміттенеміз - Серік Сәпиев

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев Олимпиада ойындарын отандық телеарналардан трансляциялау мәселесіне орай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Трансляция болады деп үміттенеміз. Қазіргі уақытта ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп, келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Нәтижесін жақын арада хабарлаймыз. Мән-жайын анықтаймыз. Меніңше, түбінде көрсетілетін сияқты», - деді С. Сәпиев «Студия 7» бағдарламасында.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте