Атырауда 11 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

1448

Атырау облысында жансақтау бөлімінде жатқан 11 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар көбейгенін хабарлаған едік.

«Өңірде 2 632 төсек-орынға арналған инфекциялық стационарлар бар. Бұл стационарларда 1 105 науқас ем қабылдау үшін оқшауланды. Мұндағы жүктеме – 41,9%. Ал, 113 орынға есептелген жансақтау бөлімдерінде 65 пациент жатыр. Оның 11-і өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Жансақтау бөлімдеріндегі жүктеме 57,5%-ды құрайды», - деп мәлім етті Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить