Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айтта жамағатпен бірге онлайн құрбандық шалды

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі қасиетті Құрбан айтта жамағатпен бірге онлайн құрбандық шалды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі қасиетті Құрбан айтта жамағатпен бірге онлайн құрбандық шалды. Еліміздің мұсылмандары биыл да пандемия жағдайына байланысты құрбандықтарын ҚМДБ ұйымдастырған qurban2021.kz сайты арқылы қашықтан шалдыруда. Сүйіспеншілік пен ізгіліктің, мейірбандық пен қайырымдылықтың мейрамы тағы да құтты болсын!» делінген хабарламада.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте