Соңғы тәулікте 45 сырқат коронавирустан қайтыс болды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады.

Оған сәйкес 13 шілде күні Қазақстан аумағында 45 адам - коронавирустан, тағы 12 адам - пневмониядан қайтқан.

Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында тіркеліп отыр - 16 науқас.

Қарағанды облысында - 10, Атырау және Маңғыстау облыстарында - 5 адамнан, Шымкент қаласында - 3, Батыс Қазақстан облысында - 2, Алматы қаласы, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында - бір адамнан қайтыс болған.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте