2021 жылы 480 ауыл жаңғыртылады – Үкімет басшысы

2251

2021 жылы 480 ауыл жаңғыртылады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауылдық жерлерде тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2021 жылы 480 ауыл жаңғыртылады. 106 млрд теңгеге 1 140 жоба іске асырылады», - деді Премьер-Министр Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Асқар Маминнің атап өтуінше, жобалардың басым бөлігі Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жоспарланып отыр.

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить