Нұр-Сұлтанда инфекциялық төсек-орын жүктемесі 58%-ға дейін төмендеді

1627

Нұр-Сұлтанда коронавируспен ауыратын науқастар үшін қосымша ашылған орындардың арқасында төсек-орын жүктемесі 71%-дан 58%-ға дейін төмендеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мәселен, бүгін таңертең КВИ-мен күресу үшін жалпы саны 2 505 орны бар 14 стационар ашылып, жүктеме 71%-ды құраса, онда жаңа инфекциялық орындар ашылғаннан кейін жүктеме 58%-ға төмендеді. Қазіргі уақытта ашылған инфекциялық төсек саны үш мыңнан асады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін коронавируспен ауырғандардың көбеюіне байланысты қалада екі аурухана инфекциялық стационарға ауыстырылған болатын. Олар: Қалалық психикалық денсаулық орталығы және ҚР Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталі. Жалпы төсек-орын қуаты: 300 орын.

Бүгін, яғни 9 шілдеден бастап №1 Көпбейінді қалалық аурухана ковидтік стационар ретінде іске қосылды. Бұл ауруханада тағы 600 төсек-орын ашылды.

Вакцинация мен санитарлық нормаларды сақтау арқылы ғана өз денсаулығыңызды, сондай-ақ жақындарыңыз бен айналаңыздағы жұртты қорғай аласыз.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить