Алматының Түрксіб ауданында ыстық су болмайды

1773

Алматының Түрксіб ауданында орналасқан бірнеше көшеде ыстық су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлауынша, 2021 жылдың 12-16 шілде аралығында Түрксіб ауданында орналасқан бірнеше үй мен ғимаратта ыстық су тоқтатылады.

Ыстық су мына көшелерде болмайды:

- Хмельницкий – Куйбышев – Бакинский – Староэлеваторская;

- Папанина – Ереванская – Стальского – Сүйінбай;

- Кассина – Жұмабаев – Бехтерева – Шереметьева.

Компанияның мәліметінше, шектеулер қазандықтардағы су жылыту жабдықтарын жөндеу жұмыстарына байланысты енгізіліген.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить