Мәулен Әшімбаев әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдайтын заңның басымдықтары туралы айтты

1504

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында облыстың және Алматы қаласының әлеуметтік кәсіпкерлерімен кездесті. Кездесуде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға арналған заңның басымдықтары туралы сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенат баспасөз қызметінің мәліметінше, Мәулен Әшімбаев сенаторлардың бұл салаға баса мән беруі тегін емес екенін айтып, қазіргі таңда әлеуметтік кәсіпкерлік экономиканың өсуі мен қоғамның дамуында маңызды рөл атқаратынына назар аударды.

«Әлеуметтік кәсіпкерлік - жаңа бағыттардың бірі. Оның болашағы зор. Бұл сала табыс табумен қатар, азаматтардың өзекті әлеуметтік мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Сондықтан Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кәсіпкерліктің бұл түріне баса мән беріп келеді», – деді Сенат спикері.

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить