ПТР тест тегін болуы мүмкін бе

1613

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова ПТР тесті тегін ету мүмкіндігі туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Вакциналаудан бас тартқан квазимемлекеттік компаниялардың қызметкерлерін ПТР тесті апта сайын өз есебінен тапсыруға мәжбүрлеп жатыр. Неліктен вакцинация мемлекет есебінен жүргізіледі, ал тұрғындар ПТР тестілеуді азаматтардың өздері төлеуі керек? ПТР тестіні тегін енгізу жоспарланып отыр ма», - деп сұрады БАҚ өкілдері.

«Жұқпалы аурулармен күресте бірде-бір тәсіл вакцинация сияқты нәтиже бермейтінің вакцинация тәжірибесі көрсеткен. Бұл біздің негізгі қаруымыз және ауру жұқтыру, ауруханаға түсу және өлім қаупін болдырмауға бағытталған. Конституция аясында вакцинация ақысыз медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кіреді кіреді», - деді Айжан Есмағамбетова.

Оның айтуынша, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен ПТР тестілеу тегін өткізілетін адамдардың 12 санат бекітілген.

«Бұл клиникалық белгісі бар, науқаспен байланыста болғандар, жүкті адамдар. Басқа тұлғаларға тегін ПТР тест қарастырылмаған. Вакцинация тегін, ПТР тест мемлекет бюджетінен қаржыландырылмаса да, қазақстандықтар вакцинация мен ПТР тестіінің біреуін таңдауға құқығы бар», - деді комитет басшысы.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить