Батыс Қазақстанда соңғы төрт күнде 730-дан астам адамнан коронавирус анықталды

1620

 Батыс Қазақстан облысында соңғы төрт күнде 732 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, соның 531-інде ауру белгілері болса, 201-і – симптомы жоқтар.

Індет жұқтырғандардың 471-і ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген, 106-сы бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болған. 107-сінен профилактикалық мақсатта, 6 адамнан стационарға жатқызар алдында сынама алынған.

Төрт күнде анықталғандардың 328-і Орал қаласы, 123-і Бәйтерек, 101-і Бөрлі, 34-і Теректі, 27-сі Ақжайық ауданының үлесіне тиеді.

Пандемия басталғаннан бері өңірде барлығы 26188 науқас тіркеліп, соның 20735-і жазылып шықты. 418-і коронавирустан көз жұмды.

Барлық ауырғандардың 14312-сі Оралда, 3295-і Бәйтерек, 2984-і Бөрлі, 1078-і Теректі ауданында тіркелген.

Эпидемиолог мамандардың пайымдауынша, індет көзі қоғамдық көліктерде, адамдар жиі жиналатын жерлерде (сауда үйлері, медицина ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру орындары) көбірек таралады. Сондай-ақ бұрын ауырғандармен қарым-қатынас кезінде, еске алу, той-томалаққа барғанда, карантиндік талаптар сақталмаса, жұмыста да жұқтыруы ықтимал. Сондықтан тұрғындардың сақтық шараларын ұмытпағаны абзал.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда соңғы аптада коронавирус жұқтырғандар саны 41 пайызға өскенін, осыған байланысты қосымша шектеу шараларын енгізу ұсынылғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ облыста жансақтау бөлімінде жатқандар саны өсті.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить