Әнуар Ахметжанов жаңа қызметке тағайындалды

1546

«Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ Басқарма төрағасының трансформация және цифрландыру жөніндегі бірінші орынбасары қызметіне Әнуар Ахметжанов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әнуар Ахметжановтың цифрлық даму саласында мол тәжірибесі бар. «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларында және мемлекеттік қызметте жауапты лауазымдарды атқарған.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметке тағайындалғанға дейін ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі және жауапты хатшысы болды.

Әнуар Ахметжанов «Болашақ» бағдарламасы бойынша Джонс Хопкинс Университетінің (Вашингтон, АҚШ) түлегі. «Энергетикалық ресурстар және технологиялар», сонымен бірге «Халықаралық қаржы» мамандықтары бойынша магистр дәрежесіне ие.

Осыған дейін Әнуар Ахметжановтың Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі қызметінен босатылғанын хабарлағанбыз.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
ЧТО НЕ ТАК С СУДОМ НАД БИШИМБАЕВЫМ Смотреть на Youtube