ҰБТ-2021: Қанша талапкердің нәтижесі жойылды

1830

Ұлттық бірыңғай тест тапсыру ережесін бұзған 1 226 талапкердің нәтижесі жойылды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға тыйым салынған заттарды алып, салдарынан 756 түсуші ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Бұл былтырмен салыстырғанда 2 есеге аз көрсетіш. Айта кетерлігі, өткен жылмен салыстырғанда ҰБТ кезінде тыйым салынған заттардың саны 3 есеге азайды», - деді ол министрліктің аппарат жиналысында.

Оның атап өтуінше, биыл талапкерлер ҰБТ тапсыруға тыйым салынған 749 затты алып кірмек болған.

«Тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін 1 226 адамның нәтижесі жойылды. Бұл өткен салыстырғанда 86 адамға көп», - Қуаныш Ерғалиев.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить