Алматыда жолдан өтіп бара жатқан әйелді көлік басып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Байсат» базарының маңында болған жол апатының видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. «Жол-көлік оқиғасы 4 шілде күні түскі сағат 15:00 шамасында болды.
«Mitsubishi» көлігінің жүргізушісі Солтүстік айналма көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік апаты салдарынан жаяу жүргінші жарақат алды», - деді Алматы қаласы ПД тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
Аталған деректі Жетісу аудандық полиция қызметкерлері тексеріп жатыр.
Вам может быть интересно: «Диетолог рассказала, какую малину лучше не покупать»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes