Ақан Абдуалиев Мəдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды

7303

Бүгін Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың бұйрығымен Ақан Абдуалиев Мəдениет жəне спорт министрлігі Мəдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтоты Райымқұлова жаңа комитет басшысын ұжымға таныстырып, алдағы қызметіне сəттілік тіледі.

Ақан Жылқышыбайұлы 1975 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Шиен ауылында дүниеге келген.

2005 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясын халық әні мамандығы, 2012 жылы Алматы экономика және статистика академиясын экономист мамандығы бойынша тəмамдаған.

Еңбек жолын Талдықорған қаласында Сүйінбай атындағы Алматы облысы филармониясының жеке орындаушысы ретінде бастаған.

2003-2004 жылдары «Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымында əнші-аспапшы, 2005-2007 жылдары Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінде, 2007-2008 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында оқытушы болған.

2008-2015 жылдар аралығында А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚМММИ директорының орынбасары, директоры;

2009-2015 жылдары Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында «Дәстүрлі орындаушылық өнер» кафедрасының меңгерушісі;

2015-2016 жылдары Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры;

2016-2018 жылдары Алматы облысы Мәдениет, архив және құжаттама басқармасы басшысы;

2018-2019 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары.

2019 жылдан осы уақытқа дейін Мəдениет жəне спорт министрлігіне қарасты Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить