Қарағанды және Теміртау автопарктері жаңа автобустармен толығады

Өнеркәсіпті дамыту Қорының жеңілдетілген лизингтік қаржыландыру бағдарламасы аясында Қарағанды және Теміртау автопарктері жаңа автобустармен толығады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Саят Шаймин мәлім етті.

Өңірде тұрақты маршруттардағы тозған автобустардың үлесі 47,7%-ға дейін төмендеді. Бұған өнеркәсіпті дамыту қорының жеңілдетілген лизингтік қаржыландыру бағдарламасы бойынша жаңа автобустар сатып алу ықпал етті. Соңғы жылдары осы бағдарламаның арқасында Қарағандыға 105 жаңа автобус жеткізілді. Биыл тағы 24 автобус сатып алынды, ал шілде айының соңына дейін тағы 16 жаңа автобус жеткізіледі деп күтілуде. Теміртауда қаңтар айында маршруттарға Dongfeng маркалы 20 жаңа автобус шықты. Тағы 55 бірлік сатып алу жоспарда бар.

«Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау 210 тұрақты маршрутта жүзеге асырылады, онда 1 600 бірлік автобус паркі бар 60-қа жуық тасымалдаушы жұмыс істейді. 338 ауылдық елді мекеннің 154-і тұрақты автобус қатынасымен қамтамасыз етілген», – деді Саят Шаймин.

Сонымен қатар, өңірде теміржол және әуе қатынасы белсенді дамуда. Облыс тұрғындарының өтініштері бойынша өткен жылы Қарағанды – Жезқазған бағытындағы пойыздың қатынау жиілігі артты. Облыста барлығы тоғыз әлеуметтік маңызы бар теміржол қатынасы жұмыс істейді. Жыл басынан бері қызмет көрсету деңгейін арттыру үшін барлық пойыздарда жолаушыларға арналған төсек-орын жабдықтары жаңартылды.

«Азаматтық авиация саласын дамыту да маңызды. Біздің облыс 10 авиамаршрутқа қызмет көрсетеді: екі халықаралық, жеті облысаралық және бір облысішілік. Қызмет көрсету сапасы жақсаруда. Биылдан бастап облысішілік Қарағанды-Жезқазған бағытымен Qazaq Air компаниясы айналысады. Ұшу жиілігі аптасына төрт ретке дейін ұлғайтылды, ал билет құны 10 мың теңгеге дейін төмендеді», – деп толықтырды басқарма басшысы.

Өңірде шағын авиацияны дамыту үшін екі аэродром салу жоспарлануда

– Ұлытау және Қарқаралы аудандарында. Қазірдің өзінде техникалық-экономикалық негіздемелері дайын. Жақын арада жобалық-сметалық құжаттама дайындалады.

Бұдан басқа, жақын арада Балқаштың аэровокзалы мен перроның қайта қалыпқа келтіру үшін ЖСҚ әзірленетін болады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
6335 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Загрузка...
23 сентября родились
Асылбек Карибаев
советник генерального директора – член правления ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
Мурат Бекмагамбетов
заместитель председателя правления АО «Казахстанский центр индустрии и экспорта QazIndustry»
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить