Алматы облысында «Ashyq» жобасына 740 нысан енгізілді

3326

 Алматы облысының бассейндері, лотерея клубтары және туризм нысандары «Ashyq» жобасына қосылды. Өңірде барлығы 740 бизнес объект қосымшаны өз қызметіне енгізіп отыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметовтың айтуынша, 740 нысанның 616-сы жоба қатысушы, 124-і сынақ режимінде жұмыс істейді.

«Осы аптадан бастап жоба бойынша бірқатар қоғамдық тамақтандыру орталықтары, туристік нысандар, бассейндер, сонымен бірге, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалдары, Талдықорған қаласының әкімдігі мен әуежайы жұмыс істей бастады. Цифрлық платформаға туризм, мәдениет, спорт және шипажай-курорттық мақсаттағы нысандар, демалыс үйлері белсенді түрде қосылуда. Қазір келушілер мен мекеме қызметкерлеріне ыңғайлы болу үшін «Ashyq» қосымшасын ғана емес, сонымен қатар Аitu қосымшасын, Kaspi.kz және Halyk Homebank банк қосымшаларын да қолдануға болады», - дейді Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметов.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен атап өткендей, қосымшаның арқасында Алматы облысында 103 азаматтан «қызыл» және «сары» мәртебе анықталған. Соның ішінде Талдықорған қаласында 57 «сары» және 36 «қызыл» мәртебесін тасымалдаушы, Панфилов ауданында бір «қызыл» және үш «сары» мәртебесін тасымалдаушы, Ескелді ауданында бір «қызыл» және екі «сары», Қарасай ауданында бір «қызыл», бір «сары» және Еңбекшіқазақ ауданында бір «сары» мәртбесі бар адам анықталды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить