Қазақстанның жемқорлықпен күрес тәжірибесі Ташкенттегі ЭЫҰ отырысында ұсынылды

4641

 Бүгін Экономикалық ынтымақтастық ұйымы Жемқорлыққа қарсы органдар басшылары мен омбудсмендерінің 4-отырысында Қазақстанда жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мен жүзеге асырудың басым бағыттары туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Спикер тәуелсіз Қазақстанның негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен жүйелі және бірізді күрес екенін атап өтті.

«Барлық заң жобалары мен заңға тәуелді актілер сараптамасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы институты толығымен жұмыс істей бастады, қол астындағылардың сыбайлас жемқорлығы үшін басшылардың жеке жауапкершілігі институты енгізілді, квазимемлекеттік сектордағы комплаенс-қызметтердің міндеттері бекітілді. Сыбайлас жемқорлық үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлері, соттар, пара берушілер мен сыбайлас жемқорлыққа делдал болғандарға қатысты санкциялар күшейтілді. Қызметкерлерге қылмысқа итермелегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Жемқорлық жасағандар өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін сотталғандарды жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға рұқсат жоқ», - деп ақпараттандырды М. Ахметжанов.

 


Сонымен қатар спикер сыбайлас жемқорлықпен күрес кезіндегі цифрландырудың рөліне тоқталып өтті.

Экономикалық ынтымақтастық ұйымы – халықаралық өңірлік экономикалық, мәдени, ғылыми және техникалық ынтымақтастық ұйымы. Оның құрамына 10 мемлекет кіреді: Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Иран, Пәкістан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Әзербайжан және Ауғанстан.

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить