2017 жылғы 1 қарашадан 24 қараша аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

6800

24 қарашадағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір аптаның ішінде 0,6%-ға (332,21-ден) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 330,39 теңге деңгейінда қалыптасты.

Сыртқы валюталық нарық тұрғысынан 17 қарашадан  24 қараша аралығындағы маңызды оқиғалар ашық нарықтағы операциялар бойынша Федералды комитеттің отырысы бойынша қазандағы хаттамасының жария етілуі, ФРЖ орталық банктері басшыларының, ЕОБ-нің  монетарлық саясатты іске асыруға қатысты мәлім етулері, Еуро аймақтың экономикалық өсуін растайтын экономикалық индикаторлардың жария етілуі және басым дауыс беруші үкімет құру үшін коалиция құру бойынша келіссөздердің өтпей қалуы туралы Ангела Меркельдің түсініктемесі болды.  Аталған факторлар АҚШ долларының әлемдік нарықтарда біраз әлсіреуіне әкелді. 

Дамушы елдердің валюта бағамдарының  АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:

•          Түрік лирасы инфляцияның өсуі мен саяси шиеленістің салдарынан өткен аптадан бастап төмендеуін жалғастырып, 0,2%-ға (3,88-ден 3,96-ға дейін) әлсіреді. Бұл Түркияның Орталық банкін құлдырауды тоқтатып, ақша нарығында өтімділікті алу бойынша шаралар енгізуге мәжбүр етті.  

•          . Оңтүстік Африка рэнді  шетелдік валютадағы тәуелсіз рейтингінің теріс болжаммен S&P (Standard & Poors's) рейтингтік  агенттігінің  ағымдағы ВВВ- ден  ВВ+ деңгейге дейін төмендеуі аясында  1,1%-ға (14,00-тен 14,16-ға дейін) әлсіреді;

•          Индонезия рупиясы  0,2%-ға (13 528 –ден 13 503-ке) нығайды;

•          Үндістан рупиясы 0,5%-ға (65,02-ден 64,70-ке) нығайды;

•          Бразилия реалы 0,8%-ға (3,26-дан 3,23-ке) нығайды; 

•          Ресей рублі 1,2%-ге (59,08-ден 59,37-ге) нығайды;

•          Мексика песосы 1,9%-ға (18,92-ден  18,56-ға) нығайды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить