Теңгенің рубльге қатысты тепе-теңдігінің сақталуы Қазақстан тауарларының сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін ұлғайтуға мүмкіндік берді – Ұлттық Банк

2559

Қазіргі теңге бағамының рубльге тепе-теңдігі жағдайында дайын тауарлар экспортының оң үрдісі байқалады. Бұл туралы «Ұлттық Банк хабарлайды, түсініктеме береді, түсіндіреді» арнайы жобасының шеңберінде ҚРҰБ Төлем балансы және  валюталық реттеу департаментінің бас маманы – «Теңгенің бағамын түзету талаптарымен Қазақстан экспорты» зерттеуінің авторы  Қанат Қожамқұлов хабарлады.

Зерттеуде энергия ресурстары бағасының және экономикалық ахуалды тұрақтандыру және отандық тауар өндірушілерді қорғау мақсатында импорт тарапынан қысымның құлдырауы аясында 2015 жылғы 20 тамызда Қазақстанда кейіннен теңгенің еркін өзгермелі айырбастау бағамына өте отырып, валюталық дәлізді жою туралы шешім қабылданғаны  атап өтіледі. Осы шешімнен кейін болған бағамды түзету импорттың өсуін шектеп қана қойған жоқ, сондай-ақ Қазақстанның экспорттық құрылымына нақты ықпал етті.

Зерттеуде шоғырлану тобы ретінде дайын тауарлар экспортының серпіні қаралып отыр, ол 2015 жылғы тамыздағы бағамның түзетілуінен кейін 12 айда  2,4 млрд. долларды немесе шикізат емес экспорттың бестен бір бөлігін және Қазақстанның жалпы экспортының 6,6%-ын құрайды. Қазақстан экспорттайтын дайын тауарлардың ішінде ең көп үлесті тамақ өнімдері (дайын тауарлар экспортының 39,5%-ы, оның ішінде ұн, темекі өнімдері, балық өнімдері, сусындар, күнбағыс майы, кондитерлік өнімдер), химия өнеркәсібі және онымен байланысты салалардың өнімдері (23,3%), машиналар мен жабдықтар (19,2%, оның ішінде жеңіл автокөліктер, аккумуляторлар,  подшипниктер), металдар және олардан жасалған бұйымдар (11,6%) құрайды.

Дайын тауарлар өндіру мен экспорттау – бұл, негізінен, шағын және орта бизнес (ШОБ) қызметінің аясы, ол неғұрлым дамыған, алайда көбіне қосымша құндардың халықаралық тізбегіне кірікпегеніне байланысты сыртқы факторлардың әсері мен валюта бағамының ауытқуларына барынша  тез ұшырайды.

Зерттеуде атап өтілгендей, жыл бойы 2015 жылғы тамызға дейінгі кезеңде отандық өндірушілер мен ШОБ экпорттаушылары шикізат ресурстарына әлемдік бағалардың түсуінен кейін болған сауда әріптес елдердің валютасының девальвациясы салдарынан импорттың қысымын қатты сезінді. Бұл кезең ішінде дайын тауарлар экспортының нақты жеткізулері  өткен 12 аймен салыстырғанда 18%-ға қарқынмен төмендеді, ал шикізат тауарлары 7%-ға, аралық өңделген тауарлар 1%-ға төмендеді. Теңге бағамының тамыздағы түзетуі және теңгенің рубльге қатысты тепе-теңдігін қалпына келтіру дайын тауарлар экспортының нақты көлемін қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

Статистика дайын тауарлар экспортының жартысынан астамы ТМД елдеріне (56,8%) және төртінші бөлігі дерлік - Ресей Федерациясының нарығына тиесілі екендігін көрсетіп отыр. Бұл ретте ТМД елдері валюталары бағамының серпіні көбінесе Ресей рублі бағамының өзгеруімен айқындалады.

Зерттеу барысында жүргізілген дайын тауарлар экспортының көлемдерін және Ресей рублінің Қазақстан теңгесіне қатысты номиналды бағамын салыстыру экспорт көлемінің төмендеуі ресейлік рублінің девальвациясы аясында теңгенің долларға қатысты номиналды бағамы нақты тіркелген кезеңдерде болғанын көрсетті. Өңделген тауарлар экспортының теңге рубльге қатысты бағамына тәуелділігі азық-түліктің негізгі түрлері бойынша байқалады. Теңгенің рубльге тепе-теңдігінің сақталуы сыртқы нарықта отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, экспорт жеткізілімдерінің нақты көлемін қалпына келтіруге және ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл 2015 жылдың екінші жартысынан бастап байқалады, деп қорытындылайды Қ. Қожамқұлов.

 «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасы қазақстандықтарға пайдаланушылардың тәулік ішіндегі сұрақтарына жауап беретін Ұлттық Банк сарапшыларынан «кері байланыс» алу мүмкіндігін береді. Бұл туралы «Ұлттық Банк хабарлайды, түсініктеме береді, түсіндіреді» арнайы жобасының шеңберінде ҚРҰБ Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасының бастығы Александр Терентьев мәлімдеді. 

«ҚҰБ Online» қосымшасының пайдасы мен артықшылығын айтқанда мұның «екіжақты қозғалыстағы» байланыс арнасы екендігін түсіну маңызды. Егер пайдаланушылар оның көмегімен мамандардың кеңесі мен қаржы нарықтары туралы соңғы жаңалықтарды алатын болса, Ұлттық Банк қызметкерлері бұл құралды пайдаланушылардың көңіл-күй және мүдде индикаторын айқындау үшін пайдаланады, ал оның негізінде азаматтардың өтініштеріне талдау жасау жатыр. Бұл – жұмысымызда пайдаланылатын баға жетпес ақпарат», - деп атап өтті А. Терентьев.

«ҚҰБ Online» қосымшасының өзектілігі бірқатар факторларға байланысты. Біріншіден, соңғы уақытта халықтың қаржылық сауаттылығы айтарлықтай өсті, көптеген қазақстандықтар қаржылық қызметтердің белсенді пайдаланушылары болып табылады, валюта нарығындағы жаңалықтарды мұқият қадағалайды, айырбастау бағамын қалыптастыруға әсер ететін факторларды талдайды. Екіншіден, Интернет-технологиялардың дамуы және мобильдік қондырғылардың кеңінен таралуы смартфондағы немесе планшеттегі мобильдік қосымшаны пайдаланушы үшін реттеушінің қызметі мен қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Ұлттық Банкпен шұғыл өзара іс-қимыл жасау үшін ең ыңғайлы құрал етті. Сонымен бірге «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасын пайдаланушылар реттеуші туралы ақпарат пен жаңалықты алғашқылардың бірі болып біледі.

ҚРҰБ деректері бойынша, өткен жылдың қарашасында іске қосылған қосымшаны наурыздың басындағы жағдай бойынша Play Market және App Store дүкендерінде үш мыңнан аса адам тегін жүктеп алған. Тіркелген пайдаланушылардың негізгі сұрақтары қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау тақырыбына, банкноттар мен монеталарды сатып алу, сату және айырбастау, банктік қызмет көрсету, төлем карточкалары және т.б. мәселелерге қатысты. Айта кетерлігі, «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасының көмегімен алынатын Ұлттық Банк мамандарының консультациялары ақпараттық-түсіндіру сипатында.

«ҚҰБ Online» қосымшасы мынадай негізгі жеті айдардан тұратынын атап өтеміз: «Банкноттар мен монеталар», «Ипотекалық кредиттер», «Айырбастау операциялары», «Банктерде қызмет көрсету», «Төлемдер», «Банкоматтардың жұмысы», «Өзге».

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить