ОҚО-дағы майлау материалдарын өндіруші ҚДБ қолдауымен экспорттық өнім жеткізу үлесін үш еселеуді жоспарлауда

2009

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы, бұдан әрі – Банк, ҚДБ) «High Industrial Lubricants&Liquids Corporation» ЖШС-ге (бұдан әрі - HILL Corporation, Шымкент қ.) Ресейге және Орталық Азияның бірқатар елдеріне өнеркәсіптік майлау материалдарын экспорттық жеткізуді жүзеге асыру үшін 3 жылға дейінгі мерзімге 1 млрд теңге сомаға қарыз ұсынды. Экспорттық операция өңдеу өнеркәсібі тауарларының қазақстандық экпортын қолдау мақсатында «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында қаржыландырылған. Қазіргі уақытта корпоративтік сектордағы  трансмиссиялық, өндірістік және мотор майларының қазақстандық нарығының 60% дейін, жеңіл және жүк автокөлігіне арналған майлау материалдарының бөлшектік нарығының 10% дейін HILL Corporation үлесіне тиесілі. 

Қаржыландыруды ұсыну өнеркәсіптік техникаға арналған майлау материалдарын өндіру және экспорттау үшін шикізат (базалық майлар, химиялық қоспалар) алуға арналған. «HILL Corporation» қазіргі таңда тау-кен өндіру өнеркәсібі және теміржол салалары кәсіпорындарына арналған майлау материалдарын жеткізуге мамандандырылған Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанның трейдингтік компанияларымен 7 000 тонна көлемдік осы экспорттық операция аясында өнім жеткізуге келісімдер жасасты. «Компания таяу екі жылда майлау материалдарының негізгі түрлерін экспорттық сату үлесін үш есе ұлғайтуды – жалпы өткізу көлемінен 15%-ға дейін, сондай-ақ пайдаланылған майлау материалдарын регенерациялау арқылы иілімді жағармай мен базалық майлардың сериялық шығарылымын жоспарлап отыр, бұл өзіндік құнын орта есеппен алғанда 10%-ға азайтуға, сондай-ақ жақсартылған сапамен және жоғары қосымша құнмен шығарылатын өнім ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл параметрлер экспорттық нарықтардағы өз позицияларымызды бекітуге және нығайтуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті HILL Corporation директоры Болат Теңізбаев.

2016 жылдың қорытындысы бойынша компания 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда түсім көлемін 18%-ға ұлғайтып,  9 млрд теңге сомаға шамамен 20 000 тонна жағармайлардың негізгі түрлерін өндіріп, өткізді. Аталған көлемнің 400 млн теңгеден астам сомаға 350 тонна өнімі экспортталды. 2017 жылы кәсіпорын шамамен 30 000 тонна майлау материалдарын өндіруді жоспарлауда, оның 85% астамын ішкі нарыққа жеткізу, қалған көлемін – Ресейге, Қырғызстанға, Өзбекстанға және Қытайға экспорттау жоспарланған.

«Қаржыландырылған экспорттық операция қазақстандық шикізаттық емес экспортты мемлекеттік қолдаудың басты институттарының бірі ретінде ҚДБ миссиясына сәйкес келеді. Экспорттық жеткізулердің географиясы мен көлемін кеңейте отырып, HILL Corporation, сонымен бірге, дайын өнім өндірісі үшін шикізат импортының орнын басуды жоспарлауда. Компания базалық майлар өндіретін зауыт құрылысын жоспарлап отыр», - деп атап өтті ҚДБ клиенттермен жұмыс жөніндегі дирекциясының аға банкирі Бақытжан Омаров.

Қазақстанның майлау материалдарына қажеттілігі көбіне импорттық жеткізулермен қамтамасыз етіледі. Осылайша, ҚР Статистика комитетінің мәліметінше, 2015 жылы аталған өнімді ішкі нарықта тұтыну 139 400 тоннаны құрады, оның ішінде импорт 118 600 тоннаны құрады, қалған көлем HILL Corporation тарапынан жеткізулер есебінен қамтылды.гарантия Kia Motors – 5 лет или 150 000 км пробега.

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить