Сирияға қатысты Астана кездесуі кейінге шегерілуі мүмкін

2035

Астанада Сирия бойынша келіссөздер өткізу мерзімі  осы күндері Анкарада жүріп жатқан консультациялардың нәтижесіне байланысты.

  Бұл жайында  Ресейдің Жаңалықтар агенттігі сириялық оппозициядағы дереккөзіне сілтеме жасап жазуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Астанада өтуі тиіс отырыстың уақыты әлі күнге дейін анықталған жоқ. Мүмкін ол бір аптаға шегерілетін болады. Барлығы да кеше басталып, ертең аяқталуы тиіс Анкарадағы қарулы топтардың отырысы нәтижесін күтуде. Қолдағы ақпараттарға сәйкес Астанадағы келіссөздерге саяси күштер емес тек қарулы бірлестіктер ғана қатысады. Яғни, саяси өкілдер қатыспайды», - дейді агенттік дереккөзі.

Сонымен қатар ол Астанадағы кездесу қорытындысы Женевада басталатын саяси үдеріспен қатар оқу атуды тоқтату туралы құжатты келісу болуы тиіс.

 «Кездесу мақсаты  оқ атуды тоқтату туралы құжатқа қол жеткізу және аталған құжат аясында Астана арқылы емес, Женева арқылы қол жеткізілетін (Сирия бойынша) саяси шешім қайта жаңартылады», - деді ол.

 Мұнан бөлек, дереккөз Женевадағы келіссөздерге Астана делегациясының өкілдері де қатысатындығын атап өткен.  

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить