ОКҚ брифингісінде ҚР-да бизнес-ахуалды жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды

1952

ҚР ҰЭМ, 8 шілде. 2016 жылы кәсіпкерлік қызметте мемлекеттік реттеу жүйелендірілді, өзін-өзі реттеу институты енгізілді, рұқсат беру құжаттары екі есе қысқартылды, тәуекелді басқару жүйесіне көшу арқылы мемлекеттің бақылау-қадағалау жетілдірілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Ғалия Жолдыбаева хабарлады.

Ғалия Жолдыбаева, кәсіпкерлікті дамыту елі экономикасының әл-ауқатына әсер ететін маңызды фактор болып табылатынын атап өтті. Бүгін Үкімет әкімшілік кедергілерді төмендету, бизнес-ахуалды жақсарту және кәсіпкерлікті қолдау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

Осылайша, Қазақстанда 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Кәсіпкерлік кодекс әрекет етеді, оның шеңберінде кәспкерлік қызметті реттейтін барлық негізгі құқықтық нормалар жүйелендірлген. Кәсіпкерлік кодексте Қазақстандағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілеттінің рөлін күшейту бойынша шаралар қабылданды, олар Қазақстанда кәсіпкерлік белсенділіктің тұрақты өсуін, құқықтық қорғалуды және іскерлік ортада сенімдікті қамтамасыз етуде.

2016 жылғы наурызда рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Заң  республикадағы кәсіпкерліктің жалпы дамуына, бизнестің жандануына және оның қызметінің шегін кеңейтуге, кәсіпкерлік сектордағы өндірістің жиынтық көлемінің ұлғайту есебінен елдің ұлттық кірісінің өсіуіне ықпал ететін болады, тиісінше – жұмыссыздықты қысқартуға және басқа оң әлеуметтік-экономикалық салдарға, сондай-ақ бизнесті жүргізуге барынша қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Заңмен 34 рұқсат жойылды, 14 рұқсат хабарлама жасау тәртібіне ауыстырылды, оңтайландыру мақсатында 105 рұқсат беру құжаттары алып тасталды.

2016 жылғы мамыр айында «Өзін-өзі реттеу туралы» Заң қолданысқа енді, ол «100 қадам» Ұлт жоспарын іске асыру үшін әзірленді. Заңның негізгі мақсаты өзін-өзі реттейтін ұйымға ерікті және міндітті мүшелікке негізделген, жеке және заңды тұлғалардың өздері жүзеге асыратын кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызметті өз бетінше реттеуге бағытталған шаралар кешенін қабылдау акқылы экономиканы мемлекеттік реттеу тиімділігін арттыру болып табылады.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде адал кәсіпкерлер өзін-өзі реттеу ұйымының адал емес мүшелерін мүшеліктен алып тастауға мүдделі болады, нәтижесінде оның ішінде бизнестің бәсекеге қабілеттілігінің жағдайына да оң әсер етуі тиіс.

Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жетілдіру бойынша кәсіпкерлерді жоспарлы тексеруден тәуекелдерді бағалау негізінде тексеру жүргізуге көшу жүзеге асырылды. Мәселен, қазіргі уақытта «әлуметтік бұзушылар» ғана ішінара тексеріледі, бұл «анықтау және жазалау» саясатынан «ескерту және адал кәсіпкерді көтермелеу» саясатына көшуге мүмкіндік береді.

Осылайша, қабылданған шаралар кәсіпкерлерді өз қызметін заңнаманың талаптарын сақтай отырып, жүзеге асыруға ынталандырады, бұл жалпы алғанда, бақылаушы мемлекеттік органдар тарапынан әкімшілік қысымның азаюына ықпал етеді.

Қазіргі уақытта біз құқық қолданушылық практиканы мониторингілеу нәтижесі бойынша мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған тәсілдерді әзірлеу бойынша жұмысты жүргізудеміз.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын (бұдан әрі – Бірыңғай бағдарлама) іске асыру жұмысы жалғастырылуда, оның шеңберінде ШОБ-ты қолдаудың жүйелі шаралары қабылдауда.

Бірыңғай бағдарлама шеңберінде іске асыру кезеңінен бастап 1471,7 млрд. теңге сомасына 7629 жоба субсидияланды және 74,2 млрд. теңге сомасына 2010 кепілдік берілді.

Ағымдағы жылдың соңына дейін ШОБ-тың 16,5 млрд. теңге сомасына 34 жобаға инженерлік инфрақұрылым жүргізілетін болады.

Іске асыру кезеңінен бастап жаңа бизнес бастамаларды іске асыру үшін 2 451,5 млн. теңге сомасына 951 грант берілді, өз ісін ашуға және кеңейтуге 5,3 млн. теңге сомасына 1500 микрокредит берілді.

Іске асыру кезеңінен бастап кәсіпкерліктің құзыретін арттыру мақсатында 102,7 кәсіпкер оқытылды, 91,3 мың кәсіпкерлерге 234,5 мың қызмет көрсетілді.

Бірыңғай бағдарламаны іске асыру нәтижесінде ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында қатысушылар 37 млрд. теңге сомасына салық төледі, жиынтық өнім көлемі 370 млрд. теңгені құрды, 8 мың жұмыс орны аяқталды және құрылды.

Орта есеппен салынған 1 теңге бюджет қаражатына 1,5 теңге салықтық түсіндірме әкелді, 1 қатысушыға 20 жұмыс орны келеді және еңбек өнімділігі 9 млн. теңгені құрады.

Сонымен қатар, өткен жылдан бастап ҚР Үкімет пен Ұлттық банкінің бірлескен іс-қимылдыжоспарлар шеңберінде ШОБ субъектілеріне өңдеу өнеркәсібінде жеңілдікті қорландыру ұсынылды, оған 200 млрд. теңге бөлінді.

2016 жылға Дағдарысқа қарсы қосымша шаралар шеңберінде ШОБ-тың айналым капиталына және қарыздардың қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаттарынан 200 млрд. теңге көлемінде ШОБ қажеттілігін қорландыру көзделген.

2016 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойыншаосы қызметті револьверлік орналастыру есебінен 260 млрд.теңгеден жоғары сомаға 1 353 ШОБ жобасы қаржыландырылды.

Бұл 761,5 млрд. теңге сомаға өнім шығаруға, 15 786 жұмыс орындарын құруға, 66,8 млрд. теңге бюджетке түсетін салық сомасын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Бұдан басқа, 2016 жылға арналған дағдарысқа қарсы қосымша шаралар шеңберінде ШОБ-тың айналым капиталына және қарыздарды қайта қаржыландыруға қажеттілігін БЖЗҚ қаражаттарынан 200 млрд. теңге көлемінде қорландыру көзделген.

ШОБ-ты одан әрі ынталандыру үшін өңдеу өнеркәсіп саласындағы кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру бойынша қосымша қолдау шаралары пысықталуда.

Бұдан басқа, жұмыспен өнімді қамтуды қамтамасыз ету және жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін кәсіпкерлік қызметінің қолданыстағы микрокредиттеу жүйесін жетілдіру ұсынылады.

Осыған орай, кәсіпкерлік қызметіндегі микрокредиттеуді бинесті ауылда немес қалада жүргізу аумағына байланысты жағдайды бейімдеумен екі кешенді бағытта жүзеге асыру ұсынылып отыр.

Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің кепілдіктерінің жетіспеушілігі және жеке сектор инвестицияларын тарту мәселелерін шешу үшін 5 млрд.теңгеге дейінгі жалпы портфелін ауылдардағы және қалалардағы микрокредиттерді 90%-ға кепілдендіру бағдарламасын іске асыру ұсынылады.

ҚР Ұлттық экономика министрлігің баспасөз қызметі

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить