Ұлағатты сөз: Путин туралы

6651

ФОТО: © JOHN LOCHER

Путин – әскери қылмыскер.
Джо Байден

Путин табиғатынан кінәмшіл әрі этникалық ұлтшыл адам. Путиннің бұл қыры бұрыннан бар деп ойлаймын. Украинаға басып кіргенде оның қандай ессіз адам екенін көрдік. Он жыл бұрын мұндай болады деп ешкім күтпеген болар, бірақ бұл қауіп бұрыннан ұдайы төніп тұрған-ды.
Барак Обама

Путин халықаралық құқыққа Гитлер сияқты қарайды. Ол да өз империясының «өмір сүру кеңістігінің» бүтіндігін көздейді, Қырым аннексиясын осымен түсіндіреді. Фюрер Германиямен шектес мемлекеттердің ұлттарын неміс санаса, Путин украиндарды тіптен бөлек ұлт санамайды.
Петр Порошенко

ФОТО: © СЕРГЕЙ ФАДЕЙЧЕВ

Путин – соғыс пен дағдарыстың өзі.
Борис Немцов

Ол кезінде өзім де шалдыққан дертпен – өзіне деген әсіре сенімділікпен ауыра бастады. Өзін құдайдың орынбасары кө-реді, бірақ, қай істер бойынша орынбасар екені белгісіз.
Михаил Горбачёв

Еліміздің алдында тұрған мәселе тек Путиннің тұлғасында ғана емес, ол құрған жүйеде де. Жеке дара билік жүйесінде, оның шеңберінде тәуелсіз парламентте, тәуелсіз сот та, тәуелсіз азаматтық қоғам да болмайды. Барлығы Кремльге қарай ақша үшін талпынады, ең қызығы, ұмтылып жүргендері – өздерінің байлығы.
Михаил Ходорковский

ФОТО: © GETTY IMAGES

Путинді не үшін ұнатпай кеттім? Сол үшін ұнатпадым. Ұрлық жасаудан да сорақы қылмысы үшін. Цинизмі үшін. Нәсілшілдігі үшін. Бітпейтін соғыс үшін. Өтірігі үшін. «Норд-Остта» шашқан газ үшін. Бірінші мерзімі кезінде жазықсыз өлім құшқандар үшін. Ол өлімдер болмауға тиіс еді.
Анна Политковская

Путиннің басты одақтасы – ұйымдасқан қылмыс пен сыбайласқан жемқорлық.
Михаил Саакашвили

Путин және Ресей Федерациясы бұл соғыста жеңіске жетпейді. Олар жеңіледі. Тура айтсақ та, астарлап айтсақ та, ол – жай ғана ұсақ адам.
Йеппе Кофод

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить