Ұлағатты сөз кітап туралы

ФОТО: Chris Goodney/Bloomberg Finance LP

Күніне 500 бет оқу керек. Білім осылай жұмыс істейді. Ол пайыз сияқты жинала береді. Бұл кез келген адамның қолынан келеді, бірақ бұған көп адамның бармайтынына кепілдік беремін.
Уоррен Баффет

Жерге алтын мен кітапты түсіріп алсаң, алдымен кітапты көтер.
Еврей мақалы

Кітаптарыңыздың барлығын оқи алмасаңыз да, оларды қолыңызға алып тұрыңыз. Кітап әлі досыңызға айналмаса да, танысыңыз бола тұрсын.
Уинстон Черчилль

Кітап оқыған маңызды. Кітапты қалай оқу керектігін білсең, онда саған бүкіл әлем ашылады.
Барак Обама

Кітап маған тақтан да қымбат.
Уильям Шекспир

Әрбір зиялы азамат өмірінде жақсылап сегіз-тоғыз кітапты оқып шығуы тиіс. Бұл қандай кітаптар? Бұны білу үшін он бес мың томды оқып шығыңыз.
Исаак Бабель

Жақсы кітап – автордың адамзатқа мұраға қалдырған сыйы.
Джозеф Аддисон

Оқымайтын адамның оқи алмайтын адамнан еш артықшылығы жоқ.
Стивен Кови

Әлемдегі ең жақсы кинозал – сіздің миыңыз. Сіз мұны кітап оқығанда түсінесіз.
Ридли Скотт

Кітап – тілсіз ұстаз.
Платон

Кітап көзі жұмыққа арзан, көзі ашыққа маржан.
Қазақ мақалы

Мәдениетті адам болудың жалғыз жолы – кітап оқу.
Андре Моруа

Өзің оқымайтын кітапты балаңа берме.
Бернард Шоу

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2164 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
Загрузка...
17 октября родились
Михаил Ломтадзе
председатель правления АО «Kaspi.kz»
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить