Шың біздікі: Қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев Эвересті екінші рет бағындырды

10869

Әлемнің ең биік нүктесіне бағытталған жорық қалай жүзеге асты, сапар қанша уақытқа жалғасты

Фото: Мақсұт Жұмаев

Forbes.kz Мақсұт Жұмаев пен оның командасы жүріп өткен қиын да қауіпті сапарды онлайн жүйесі бойынша бақылап отырды және жерлесіміз әр күн сайын жаңартып отырған мәліметтер негізінде материал әзірледі. Айта кетейік, Мақсұт Жұмаев әлемдегі барлық биікті бағындырған танымал альпинист, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Дүниежүзінде ең биік 14 шың болса, отандасымыз осының бәріне қысқа мерзімде көтерілген ең жас өрмелеуші ретінде тарихқа енді. Ол бұған дейін Эверестке солтүстік жағынан көтерілген болса, бұл жолы оңтүстік тұсынан бағындырды. Ал бұл қауіпті бағытты жүріп өткендер әлемде санаулы ғана.

Мақсұт Жұмаев экспедицияға 2018 жылдың сәуір айында Астанадан аттанып кеткен болатын. Эвересті бағындыруға бағыталған жорықтың негізгі әрі шешуші кезеңі мамырдан бастау алды. Ал олар үшін көпшілік сәтсіз санайтын «13» сандарының сәйкес келуі еш кедергі болмаған.

- Сапар өте қызық басталды. Біздің экспедиция 2018 жылдың 13 сәуірінде Мәскеуден жолға шықса, 13 мамыр күні базалық лагерден биікті бағындыруға аттандық. Акклиматизация әртүрлі, күн райы қалыпты, біз үшің ең бастысы таудың табиғатына бағыну маңызды болды. Сондықтан, әрбір күнімізді жоспарлап, ауа райының өзгерісін, желдің бағытын анықтап отырдық. Биыл альпинистер тобы өте көп. Бірі Эверестің оңтүстігінен, екінші солтүстік жағынан тізіліп бара жатты, енді бірі біздің алдымызда діттеген биіктерін бағындырып үлгерді. Біз бәрімен байланысып отырдық, қолдан келгенше бір-бірімізге көмек бердік. Сонымен, 2018 жыл 13 мамыр, түнгі 03:00 ұйқыдан тұрып, сағат 04:00 негізгі жорық басталды.

Мақсұт бұл сапарға Мәскеу арқылы аттанды. Гималайға жалғыз емес, шетелдік жолдастарымен, командасымен бірге шықты. Алда оларды Намчедегі база күтіп тұрды.

- Біздің команда 3 елдің азаматынан тұрады. Қазақстаннан, яғни менен басқа Ресейден Олег, Швейцариядан Девид бар. Біз ең алдымен Намче –базарға, одан кейін тікұшақпен 6100 метр биікте орналасқан базалық лагерге жеттік. Ал Эверест шыңы теңіз деңгейінен 8850 метрді құрайды. Бәлкім жер сілкіністері әсер етті ме, әлде қар көп пе, білмеймін, қазіргі деңгейі осындай. Сапарсерігіміз Лама Доджи сапар алдында от жағып, жергілікті рәсімдері бойынша алауды үш айналуымызды өтінді және әркім өз тілінде, өз дініне сай Жаратушыдан сапардың сәтті болуын тіледі. Осылайша Кхумбу мұздықтарымен алға жылжып, 4 сағат дегенде 2 лагерге жетіп үлгердік. Бұрын, яғни алғашқы кезде бұл бағытты 6 сағат жүріп өткен едік. Себебі, жел бол ған жоқ, күн райы тамаша, сондықтан уақыт жоғалтпай демалыссыз жүріп отырдық. Әрине, алғашқы күні оңай болған жоқ, қысым бар, бас ауруы сезілді, кешкісін дәрі-дәрмегімізді қабылдап, кешкі ас ішіп, әркім өз шатырына жайғасты.

Тау қателікті кешірмейді, еркелікті көтермейді. Ауа райы кез келген уақытта өзгеріп сала беруі мүмкін. Ал бұл өз кезегінде сапар жоспарын күрт өзгертуі мүмкін. Тауда тек, табиғат заңына бағынуға тура келеді.

- Біз сапарымызды 15 мамырда жалғастырдық. Арада екі күн демалуғы тура келді. Себебі, аспан бұлттанып, жел тұрып, қар жауды. Бірақ 15 мамыр күні жағдай қайта қалыпқа түсті, біз 2-ші лагерден 3-ші лагерге қарай бағыт алдық. Алдымызда, яғни 3 лагерден 100 астам өрмелеуші көтеріліп бара жатты, бірі Эврестке, енді бірі Лхотце шыңына қарай бет алды. Біздің көңіл күйіміз өте керемет болды, себебі бұл кезде тауға дейін екі күн қалған болатын, біз ақырындап алға жылжумен болдық.

Мақсұт Жұмаев әлем биіктерін оттегісіз бағындырған альпинист екенін айта кету керек. Бірақ, бұл жолы экспедиция тәртібіне өзгеріс енгізуге тура келіпті. Дегенмен...

- 2018 жылдың 16 мамыры, біз 3-ші лагерге жеттік. Биіктік 7100 метр. Асықпадық, жеттік, жалпы бұл аралықты 5 сағат 30 минутта жүріп өттік. Мен және Олег бұл межеге оттегі құрылғысын кимей көтерілдік, ал Девид болса біз сияқты ерекшеленгісі келмеді, сондықтан маскасын шешпеді. Жалпы, бұл жолғы жорықта оттегімен көтерілу жоспарланған. Экспедиция сәтті өту үшін осылай жасадық. Сондықтан, кешкісін қондырғыларымызды қуаттап қойдық, себебі алда не боларын ешкім білмейді. Ертең таңғы 5:30 бастап биікті бағындыруға қамданамыз.

«Сегізмыңдық» биіктерді бағындыру оңай емес. Мақсұттың айтуынша қиындықтар көп болды. Ал, альпинист үшін осының бәрін еңсеру басты міндет.

Мақсұт Жұмаев
Мақсұт Жұмаев

- Әрине, алғашында оңай болмады. О баста тау ауруы, апатия, акклиматизация, жөтел қысу, тері, еріннің жарылуы, жара басу жағдайлары болды. 6 600 метр биіктіктен Намчеге тікұшақпен кері қайтып, қалыпқа келдік, себебі ол жақтағы қысым басқа, жарақат тез жазылады, осыдан кейін жорыққа қайта аттандық. Боран, дауыл, бірде ыстық, бірде суық, бұның бәрін еңсердік. Бастысы бәрі арта қалды, бізді ең алдымен мықты рух,команданың бірлігі алып шықты. Мен бұл экспедицияны Астананың 20 жылдық мерейтойына арнадым. 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить