Дамир Рыспаев: Жаңа маусымда жанкүйерлерді қуанту үшін барымды саламын

5991

«Барыс» клубының ойыншысы ұзақ үзілістен кейін командаға қайта оралады

Дамир Рысбаев
Фото: Архив пресс-службы
Дамир Рыспаев

Қазақстандықтар Дамир Рыспаевты елордалық «Барыс» қорғаушысы ғана емес, айдындағы жекпе-жектерімен танылған айбынды спортшы ретінді жақсы біледі. Алайда, 2016 жылы астаналық клуб пен қытайлық «Куньлунь Ред Стар» командасымен болған жолдастық кездесудегі жаппай жұдырықтасу оның шеттетілуіне әкеліп соққан еді. Бір емес,бірнеше ойыншыны жалғыз сұлатып салған хоккейші «Барыс» құрамынан алыстатылып, «Номад» және «Торпедо» намысын қорғап келген болатын. Forbes.kz 2018 жылы өз ортасына қайта оралған хоккейшінің жоспары, табысы және жеке өмірі жайына сұрап білді.

F: Дамир, «Барыс» клубымен жаңа келісім-шартқа қол қойылғанын білеміз. Жаңа маусымда қандай стратегия ұстанасын? Ойынға мән бересін бе, әлде біз айдыннан жұдырықтасуға жаны жақын сол Дамирді көреміз бе?

- Мен 2018 жылы «Барыс» командасына қорғушы ретінде қайта оралып, келісімге отырғанымды айтып өткім келеді. Алдағы уақытты өз командамның құрамында керемет ойын көрсетуге тырысамын. Жаңа маусымда жеңіске жету үшін жаңа міндеттер қойып отырмын, жоспарым бар. Алдағы маусымда 10 шайбадан артық болмаса, кем салмаймын деген ойдамын. Ал төбелес мәселесіне келсек, жұдырықтасуға тиым салынбаған, хоккейде рұқсат берілген, бірақ оның бәріне ретімен, орнымен және қажет кезде ғана жол берілу тиіс. Мен көп ойнап, командамды қорғап, бастысы жанкүйерлерімді қуантамын деген ойдамын.

F: Айып алаңында 194 минуттан артық отырған екенсін. Бұл сенің ойыңша көп уақыт па, әлде аз ба? Хоккей тәжірибесінде қандай?

- Иә, мен айып алаңында 194 минуттан артық уақыт өткіздім. Бұл мен үшін де, ҚХЛ тарихы үшін де өте көп екенін айта кеткім келеді. Себебі, бірде-бір ойыншы дәл осылай ұзақ үзіліске жіберілген жоқ. Бірақ, мен уақытты босқа өткізбедім. Өздеріңіз білетіндей, «Номад» командасы үшін, кейінірек «Торпедо» құрамында ойнадым.

F: «Барыс» құрамынан қарағанда, «Номад» командасында нәтижелі ойын көрсеттің. Мұның себебі неде?

- Дисквалификацияға байланысты, мен бір жыл бойы «Номад» құрамында ойнадым. Сол жылы өте нәтижелі және жемісті болды. Біз Қазақстан чемпионатының финалына жеттік және кубок алдық. Мен, әрине, команданың атмосферасына үйрендім, біртіндеп өз дағдыларым мен қабілеттерімді арттырдым. Мен ондағы жігіттерді жақсы білетінмін, бұл да өз септігін тигізді. Ал, деңгейлері екі түрлі командаларды өзара салыстырғым келмейді. Дегенмен, мен үшін онда тамаша нәтиже болды. Мен төбелескен жоқпын. Ең алдымен ойнадым. Алдымен командада және команда абыройы үшін ойнадым.

F: Өзіңіз туралы аздап айтып берсеңіз, «Барыс» құрамына қалай алды,қалай байқады?

- Мен үшін хоккейдегі өмірім 9 жастан басталды. Әрине, кештеу басталды. Бірақ, мен тез алып кеттім, жылдам меңгердім. Алдымен Жастар хоккей лигасында, кейін Жоғарғы лигаға жол ашылды. «Снежные Барсы», кейін «Сарыарқада» өнер көрсеттім, содан «Барыс» жазғы лагеріне шақырылдым. Нәижесінде қазіргі клубпен келісім-шарт жасалды.

F:  Хоккей қымбат спорт түрі болып табылады. Ал Дамир Рыспаев онда қанша табыс табады? Жалақы қалай белгіленеді?

- Иә, хоккей –қымбат спорт түрлерінің бірі екенін білеміз. Шығындары бала кезден басталады, ата-ана үшін көп қаржы шығаруға тура келеді. Тек, бір ғана хоккейшіге қажетті жиынтықтың бағасы 2 000$ жетеді. Ал өз табысымды жариялауға құқылы емеспін. Денгенмен, ҚХЛ-дағы ойыншының ең төменгі жалақы 3 000$ болатынын ғана айта аламын.

 F: Дамир хоккейден басқа немен айналысады. Уақытыңды қалай өткізесің, қайда өткізгенді қалайсын?

 - Мен белсенді өмір салтын ұстанамын. Ең сүйікті ісіме келетін болсам, атпен сереундеп, аңға шыққанды жақсы көремін. Мүмкін болса, достармен бірге жабайы табиғатқа аттанып, аң аулаймыз. Кейде қаланың қауырт өмірінен алыстап кеткен пайдалы. Киноға барып тұрамын. Айтпақшы, маған кинотеатр өте ұнайды. Қазір менің демалысым бар. Сондықтан, мұзға шығуға дайындалу керек.

F: Сенің әскерге барып қайтқаныңды білеміз. Мұзда жиі жұдырыықтасатын Дамир қарулы күштерде күш сынасып, тәртіп бұзған жоқ па?

- Қазақстан қарулы күштер қатарында қызмет ету маған үлкен мәртебе болды. Мен нағыз азамат ретінде Отан алдындағы міндетімді орындадым. Ал менің мұздағы дағдыларым, әлде физикалық күш-қуатымды пайдалану әскерде де, өмірде де қажет болған емес және мінезіме әсер еткен жоқ.

F: Басқа клубтарға шақырды ма? Болса қайда? Мұхиттың арғы жағына жоспарың болғанын білеміз? Бұл жоспар әлі күшінде ме?

- Басқа клубтарға шақырған кездер бірнеше рет болды. Бірақ мен өз кезегімде «Барысқа» оралатын күнді күттім. Басқа клубқа көшу туралы не айта аламын? Америкаға барам деген ой болды? Егер дисквалификация жойылмағанда солай болар еді. Қазір барлығы шешілді, бәрі керемет. Енді барлық ынта мен ықыласымды, күш пен жігерімді өз елімде ойнау үшін бағыттаймын.

F: «Барыс» болашағы туралы, жаңа бапкер жайында не ойлайсың?

- Менің ойымша, «Барыс» еліміздің спорт индустриясындағы ең жақсы жоба. Сондай-ақ, біз өзімізді қазақстандық брендингтің бір элементіміз деп айта аламын. Елімізді спортпен айналысуға, ойынға, айтулы кездесулерге тарту бірлікке шақырудың маңызды бір факторы болып табылады дегім келеді. Ал жаңа жаттықтырушыны сырттай танимын. Жаздың соңына дейін онымен ресми түрде таныстыруы тиіс. Менің ойымша ол өзін кәсіпқой маман ретінде дәлелдей білген адам.

F: Дамир қашан шаңырақ көтереді? Болашағыңды байланыстратын жан белгілі ме?

- Бұл сұраққа алғаш жауап берейін деп отырмын. Мен үшін маңызды адам бар. Бұл құпия емес. Бірақ той туралы әзірге айта алмаймын.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить