Берік Сұлтан: Бұл бокс кеші бұрынғылардан ерекше болмақ

Қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы америкалық Стивен Мартинезбен жұдырықтасады

Фото: Архив пресс-службы

Жекпе-жек 2019 жылдың 2 ақпанына белгіленген. Бокс кеші Американың Техас штатында өтетін болады, жерлесіміз онда Ковалев-Альварес андеркартында жұдырықтасқады. Карсылас туралы не білеміз? Жәнібек Әлімханұлының дайындығы қандай? Бұл жайында Forbes.kz тілшісіне сұхбат берген Жәнібек Әлімханұлы командасының PR директоры Берік Сұлтан айтып берді.

F: Жәнібек 2 ақпанда Америкада кәсіпқой бокстағы бесінші жекпе-жегін өткізеді. Қазір салмақ қуу мен қызу дайындық уақыты екенін білеміз. Бұл жекпе-жекке Жәнібектің дайындығы қалай өтіп жатыр?

- Жәнібек әр жекпе-жегіне тыңғылықты дайындалатын боксшы. Бұл жолы да қарсыласты әбден зерттеп, командамен ақылдасып, бірнеше тактикалық жоспар құрып қойдық. Бұйыртса оны рингте тамашалайсыздар. Жалпы дайындық өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Осы апта жекпе-жек аптасы. Қазірге дейін 90 раунд спарринг жасады. Спарринг қарсыластарының барлығы чемпиондармен жұдырықтасқан өте тәжірибелі боксшылар болды. Одан бөлек аптасына үш күн жылдамдыққа, көп соққыға жұмыс істедік. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған соң, боксшы толық сегіз раундқа дайын болу керек. Жәнібек қазір 8 емес, 12 раундқа дайын.

F: Бұл жолғы қарсыласы да әлсіз емес. 22 жекпе-жегінің 18-інде жеңген америкалық Стивен Мартинез. Алдыңғы жекпе-жегінде де Жәнібек Ван Александр деген мықты босшымен жұдырықтасты. Әдетте кәсіпқой боксты енді бастағандар бірден рейтингі жоғарылармен жұдырықтаспаушы еді? Тым асығыстық жасап жатқан жоқсыздар ма?

- Қазақ: “Тісің барда тас шайна” дейді ғой. Жәнібек бокс қолғабын енді киген жас бала емес. 6 жасынан бастап қалай ұрып, қалай қорғану керектігін үйренген. Әуесқой бокстағы жетістіктері баршаға аян. Осындай деңгейлі боксшыға әлсіздермен шығу жараспас. Мүмкіндігі барда неге тек мықтылармен шықпасқа? Мықтымен шығамын десең мұнда ешкім қой демейді. Қайта қуанады. Осы мүмкіндікті қазір барынша пайдаланып жатырмыз. Рейтингі жоғары боксшыны ұтсаң, рейтінгің тез өседі. Рейтинг өсті деген сөз чемпиондық жекпе-жекке жақындадың деген сөз.

Бұл бокс кеші бұрынғылардан ерекше болмақ. Басты жекпе-жекте атақты боксшы Сергей Ковалев пен Элейдер Альварес реванш өткізеді. Қазір бүкіл бокс мамандары мен спорт журналистері осы кеш туралы айтып, жазып жатыр. Әлем көз тіккен шоуда өнер көрсету біздің команда үшін үлкен мәртебе. Тікелей эфирде америкалық ESPN телеарнасы көрсетеді. Осы шоуда барын салу керектігін Жәнібек жақсы түсінеді. Осы бокс кешінен соң Жәнібектің Америкада танымалдығы артады, бұйыртса.

F: Танымалдық демекші, қазір өз атын шығару үшін әртүрлі қылықтар жасайтын спортшыларды да кездестіріп жатамыз. Әсіресе Америкада өте көп. Бірі төбелесіп жатады, енді біреулері бір-бірін балағаттап жатады. Сіз PR маманы ретінде осы мәселеге қалай қарайсыз? Алдағы уақытта Жәнібектен осындай қылықтар байқауымыз мүмкін бе?

- Танымал емес адам ешкімге қызық емес. Жанкүйер де, демеуші де, журналистер де ең бірінші танымал адамдарды іздейді. Танымал боксшылардың ғана жекпе-жегі эфирден көрсетіледі. Бұл заңдылық. Заманың түлкі болса тазы боп шал дегендей, осы заңдылықтың барлығын түсініп, жағаға шығып қалмай ағынмен жүру де кәсібилік. Әсіресе Америкада. Қазір боксшының жұмысы тек рингтің ішінде емес. Рингтің сыртындағы дүбірде де аты озу керек. Әрине, бірінші кезекте мықты боксшы болуың шарт. Бұған талас жоқ. Бірақ бокс тартылған төрт арқынның ішінде ғана емес қой. Ынжықтық кез-келген спортшыға - тұсау.

“Арық айтып семіз шығу” деген сөз қазіргі қоғамға жарамайды. Қазір сен қарсыласыңа сөйлей алуың керек, жауап бере алуың керек, салмақты әңгімелер айта алу керек. Әлеуметтік желіңде белсенді, үнемі жанкүйерлермен байланыста болуың шарт. Мұның барлығы Америкадағы кәсіпқой боксшылардың жазылмаған заңы. Мұны қазақстандық кей жанкүйерлер түсінбес, кейбіреуі мүлде түсіне алмай кетуі мүмкін. Бірақ біз қаласақ та қаламасақ та заман ақиқаты осы. Мұндай құбылыс әрі қарай дамымаса әзірге кері кетпейді. Осы саланы 2 жылдай зерттеп жүрмін. Осы тақырып бойынша Америкалық әріптестеріммен өте көп сөйлесемін. Қазір Америкада момын спортшыларға орын жоқ. Біз командамызбен Америкада тұрып жатырмыз. Жаттығу базамыз Америкада. Жекпе-жектеріміз Америкада өтеді. Сол үшін де осы жақтың толқынында болу, осы толқыннан қалып кетпеу аса маңызды. Мұны Жәнібек өте жақсы түсінеді. Әрине қазақы әдептен аспаймыз. Кішіпейілдік, құрметтен қашықтамаймыз. Бірақ реті келген жерде өзіміздің бар екенімізді білдіріп жүреміз! Астын сызып айтатын бір жәйт, Қазақстанда жүрген боксшыларға мұндай дүниелер жараспайды. Себебі аудитория бөлек. Әр қоғамның түсінігімен, танымымен санасу керек.

F: Жәнібек қазір елімізде ең танымал боксшылардың бірі. Жекпе-жектерін отандық телеарналар да көрсетіп жатыр. Жанкүйерлері де өте көп. Демеушілермен жұмыс, жарнамалық келісімшарттар жасап үлгердіңіздер ме?

- Кәсіпқой бокстағы мансабымызды енді бастап жатқанда, жанкүйерге алтын көпір болып отандық телеарналардың жекпе-жекті көрсетуі, біздің команда үшін үлкен қолдау. Осы істің басы-қасында жүрген аға-бауырларға алғыс айтқым келеді. Бұл Жәнібектің бесінші жекпе-жегі. Әр жекпе-жек сайын боксшы өсуі керек. Өсу үшін қажетті витаминдер, білікті мамандармен жұмыс істеу керек. Бұйыртса осы жекпе-жектен соң бірнеше танымал мамандарды командамызға алуды жоспарлап отырмыз. Ол үшін әрине қосымша қаражат керек. Біз бүгінге дейін ешқандай демеуші іздегеніміз жоқ. Себебі ақшамыз команданың шығынына жетіп тұрды. Бірақ осы жекпе-жектен соң іздеуге кірісеміз. Еліміздегі үлкен компаниялармен келісімшарт жасап, олардың брендін жарнамалайтын күн де алыс емес деп ойлаймын. Демеушілермен ұсынар ұсыныстарымыз да дайын. Эксклюзивті жұмыс істегісі келетіндер үшін де әзірге біздің команданың есігі ашық.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
7352 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
Загрузка...
25 апреля родились
Именинников сегодня нет
Хроники бизнесменов. Владимир Ким

На чём зарабатывает своё состояние №1 списка 50 богатейших бизнесменов Казахстана по версии Forbes Kazakhstan

Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить