Батырдың жолы: Әрдайым жоғары мақсаттар қойып, өз-өзіңді жетілдіру маңызды

29 мамырда 2021 жылы бірінші жартылай орта салмақ бойынша IBF тұжырымының чемпиондық титулына міндетті үміткерді анықтайтын іріктеу турнирінің жартылай финалдық жекпе-жегі өтті. Бұл жекпе-жекке қазақстандық кәсіпқой боксшы, A’SU ауыз суының амбассадоры Батыр Жүкембаев қатысты. Оның қарсыласы болып пуэрторикалық панчер Сабриэль Матиас атанған еді. Қос боксшы нағыз BIG DRAMA SHOW мәнеріндегі айқас өткізді

Батыр Жүкембаев
ФОТО: архив пресс-службы
Батыр Жүкембаев

Калифорния штатының Карсон қаласында өткен жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған еді. Бұл айқас бокс жанкүйерлерінің көңілінен шығып, IBF рейтингіндегі қос үздіктің рингтегі нағыз майданына ұласты. Жекпе-жек сегізінші раундта Матиастың жеңісімен аяқталса да, Жүкембаев нағыз батырлық мінезін танытып, рингте қарсыласына қарсы деңгейі биік айқас мәнерін көрсете білді.

Батыр АҚШ-та дебютты айқасын өткізген соң, өзінің келешек жетістіктеріне қатысты жоғары мақсаттар қойып отыр. Өте биік шыңдарды бағындыру жолында – ол боксшы ретінде одан сайын кемелдене түсіп, өз-өзін шыңдау арқылы, A’SU атты бренд-әріптесімен бірлесе жеңістерге деген ұмтылысын арттырмақшы.

IBF өз дивизионындағы үздік-10 боксшының бірі Батыр Жүкембаевтың жетістіктерін үнемі назарда ұстап келеді. Сондықтан да Батыр бірінші жартылай орта салмақ дәрежесіндегі IBF тұжырымының чемпиондық титулына міндетті үміткер атағын сарапқа салған төрттіктің тізіміне енген еді. Осы турнирдің жартылай финалында қазақстандық кәсіпқой боксшы, пуэрторикалық азулы Сабриэль Матиаспен қолғап түйістірді.

Батыр Жүкембаев — қазақстандық кәсіпқой боксшы, лақап аты «777», бірінші жартылай орта салмақ дәрежесінде (63,5 кг) жұдырықтасады. Бүгінгі таңда WBA Continental, IBF Inter-Continental, IBO International, WBC Continental Americas титулдарының иегері.

ФОТО: архив пресс-службы

Жүкембаевтың жоспары – бұл үздіксіз жаттығу, үнемі өз-өзін шыңдау, әуесқойдан бастау алатын көрнекті жетістіктерін (225 жекпе-жек/ 200 жеңіс) кәсіпқой рингте әрмен қарай еселей түсу (19- жекпе-жек/18 жеңіс, 14 нокаут).

Спортшы үнемі өзіне жаңа белестерді бағындыру дейтін мақсаттар қояды. Мысалы, АҚШ-тағы дебютты айқасы, ол бұған дейін Канада елінде жұдырықтасып келді.

Әлемдік беделді спорт шолушылары бұл жекпе-жектің Батыр үшін үлкен сынақ болатынын болжаған еді. Барлық сарапшылар қос боксшы нағыз майдан көрсететіндігін дөп басып айтты. Матиас өте қауіпті панчер. Ол кәсіпқой рингте 17 айқас өткізіп, 16 кездесуінде нокаут тіркеген боксшы. Сабриэль 2019 жылғы қайғылы жағдайдан кейін бокс әлеміндегі атышулы кейіпкерге айналған еді. Сол жылы оған қарсы жұдырықтасқан ресейлік боксшы Максим Дадашев, жекпе-жектен кейін емханада көз жұмған болатын.

Батырға қарсы айқасқа Матиас командасымен тиянақты дайындық жасағанын атап өтті. Ол қос панчердің жекпе-жегі  уақытынын бұрын аяқталарына сенімді болса да, алайда рингтен кімнің жеңімпаз болып шығатындығын білмеген. «Мен жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Мен мансабымда көптеген мықты қарсыластармен қолғап түйістірдім, бірақ ол (Жүкембаев) сөзсіз маған ең үлкен қиындық тудырған боксшы» деді, пуэрторикалық өз сөзінде.

ФОТО: архив пресс-службы

Батыр Жүкембаевтың айтуынша, лайықты қарсылас – бұл келешекте жетілуге жақсы сынақ. «Бұл тамаша жекпе-жек болды. Мықты қарсылас. Мен таяу уақытта жаттығуға қайта оралып, жаңа жеңістер мен белестерге жету үшін тер төгемін. Менің әлем чемпионы атансам деген мақсатым одан сайын нығая түсті, мен қарымта айқасқа дайынмын. Менің бокстағы жолым оңай болған емес. АҚШ-та жаңа деңгейде рингте айқасқа шығып, мен бағалы тәжірибе алдым. Бұл жекпе-жекмен үшін ұлы ұмтылыстарға аттанатын жаңаша мәре болмақ». 

Америкалық масс медиа Батырдың рингтегі өнеріне жоғарғы бағасын беріп, өжет мінезі мен өр рухын атап өтіп, бұл жекпе-жекті 2021 жылдың үздік айқасының бірі деп таныды. 

«Батыл мақсат қойып, жеңіске жету үшін күн сайын талмай еңбек етіп жүрген спортшыларымызды A’SU бренді қуана әрі мақтанышпен қолдайды. Үлкен жеңіс батыл мақсаттардан тұрады. Алға қойған асқақ арман дамуымыз бен жетістікке жетуіміздің басты мотиваторы болып табылады. Батырда осы қасиеттің бәрі бар, басқалардан басым болуының себебі де осы. Оның бойында үлкен талап пен қайрат бар», - дейді «RG Brands» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Мажибаев. Қайрат Қуанышбайұлы елге меценат, қоғам белсендісі және кәсіпкер ретінде белгілі.

«A’SU» Қазақстандық спорт пен спортшыларды қолдап келе жатқан #1 су. Батыр Жүкембаев - «A’SU» брендінің ресми серіктесі. Үлкен жеңіске апарар жол, батыл қадамдардан тұрады. Үнемі биік мақсаттарға талпынып, тоқтаусыз даму өте маңызды. Батырға тілейтініміз тек жаңа жетістіктер, жарқыраған жеңістер мен «A’SU» брендімен жасалатын ортақ жемісті жобалар.

#БірҚадамАлға

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2400 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Загрузка...
23 июня родились
Именинников сегодня нет
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
Оксана Чусовитина: Любое поражение – это первый шаг к победе Смотреть на Youtube