Батыр Жүкембаев: Алдағы жекпе-жек маған оңайға соқпайын деп тұр

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Давид Лемье мен Карим Акур арасындағы бокс кешінде өнер көрсетеді

Кезекті қарсылас кім, кездесу қашан және қай жерде өтетін болады, бұл айқас жерлесіміз үшін несімен маңызды? Бұл жайында Forbes.kz тілшісіне сұхбат берген Батыр Жүкембаев жауап берді.

F: Қазір қайда жаттығасың, қай қалада, қандай промоутерлік компаниямен жұмыс істейсің?

– Қазіргі таңда Канаданын Монреаль қаласында тұрамын. Промоутерлік компанияға келер болсам, тек Канадаға емес, бүкіл әлемге кеңінен танылып келе жатқан «Eye of the Tiger Manegement» промоутерлік компаниясының боксшысымын. Басшысы – Камиль Стефан есімді азамат. Бір айта кетерлігі, біздің промоутерлік бүкіл әлемге танымал Golden Boy Promotions компаниясымен бірлесе жұмыс істейді. Ал менеджерім– Анна Рева.

F: Бүгінге дейін қанша жекпе-жек өткіздің? Олардың нәтижесі қандай?

 -Мамырдың 13-і күні кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегімді өткізгеніме тура 2 жыл болды. Құдайға шүкір, бүгінге дейін 12 кездесу өткізіп барлығында жеңіске жеттім. 10 қарсыласымды мерзімінен бұрын нокаутпен жеңдім. Былтыр сәуір айында мексикалық өте тәжірибелі боксшы Косме Риверамен жұдырықтасып, Халықаралық бокс ұйымының (IBO) әлем чемпионы атағына үміткер бола алатын вакантты белдігін жеңіп алдым. Бұл кәсіпқой бокстағы менің тұңғыш белбеуім. Бұл да бір әлем чемпионы атануым үшін кезекті бір баспалдақ болды мен ушiн.

F:  Алдағы бәсеке қай кезге жоспарланған? Кіммен жоспарланған?

– Келесі жекпе-жегім бұйырса 2018 жылың 26 мамыр күні (Астана уақыты бойынша 27 мамыр) Давид Лемье мен Карим Акур арасындағы бокс кешінде өтеді. Бұл кеште аргетиналық Джонатан Хосе Энни деген боксшымен WBC ұйымының бірінші жартылай орта салмақтағы Америка аймағы бойынша вакантты белдікке таласамын Алла каласа. Қарсыласым да өте қарымды боксшы. Ол бұған дейін кәсіпқой бокста 30 кездесу өткізіп, оның 21 кездесуінде жеңіске жеткен. Сондықтан алдағы жекпе-жек маған оңайға соқпайын деп тұр. Бұл менің карьерамдағы өте айрықша айқас болмақ. Өйткені, кәсіпқой бокстың тағы бір белесін бағындырғалы тұрмын. Әлем чемпионы атану үшін тағы бір маңызды қадам жасамақпын Алла каласа.

F:  Жалпы мықты деген кімдермен жұдырықтасуға әзірсің? Жоспарда қандай боксшылар бар?

– Кәсіпқой боксқа ауысқан кез келген боксшының мақсаты біреу. Ол – әлем чемпионы атану. Сондықтан мына боксшы мықты, мына боксшы әлсіз деп бөлмей-ақ қояйын. Кәсіпқой боксқа ауысқаныма енді екі жылдан асса, мен әлі тәжірибе жинақтаушымын. Сол үшін қазір маған промоутерім, менеджерім және матчмейкерлер таңдап берген боксшылармен жекпе-жек өткіземін. Жоспарымда қазір дәл мына боксшы бар деп айта алмаймын. –

F: Үлкен бокс үлкен қаражатты талап етеді. Қолдайтын демеушілер бар ма, қаржы көзі қайдан?

– Әрине, қазіргі таңда кәсіпқой бокс спортқа қарағанда үлкен бизнеске ұқсап кетті. Сондықтан бұл спортта жоғары нәтиже көрсету үшін үлкен қаржы керек. Қазіргі таңда менде ешқандай демеуші жоқ. Жекпе-жектерімді промоутерім ұйымдастырып береді. Қаржы мәселесін де өзі шешеді.

F: Сенің жеңісің қалай бағаланады, табысың қалай белгіленеді?

– Біз кәсіпқой боксты енді бастаған соң жекпе-жек үшін өте үлкен сомада гонорар берілмейді. Әйтеуір, жекпе-жегімізге қарай өз несібемізді алып жүрміз. Дегенмен алдағы уақытта әлем чемпионы атағына шығып жатсам, БАҚ беттерінен өздеріңіз оқып, біліп жатасыздар ғой.

F:  Чемпиондық бәсекелерде өнер көрсету үшін не қажет. Алда не күтеміз? – Чемпиондық жекпе-жек өткізу үшін ең бастысы – тәжірибе жинақтау керек. Барлығы – тәжірибенін арқасында келеді ғой. Қазір мен чемпиондық атақ үшін саты-саты арқылы жоғары көтеріліп, әр түрлі боксшылармен жекпе-жек өткізіп, тәжірибемді толықтырып, шыңдалып, чемпиондық жолдың ауыр екенін сезініп жатырмын. Абай атамыз «Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға» деп айтып кеткен ғой. Сондықтан бәрі өз ретімен, өз сәтімен болғанын қалаймын. Жалпы, жанкүйерлерге белбеу үшін жекпе-жек өткізетін күннің ауылы алыс емес екенін айтқым келеді.

F:  Боксшыға тек шаршы алаңда ғана емес, шағын тақтада шахмат ойнай білу керек депсің. Бұның себебі неде?

- Жалпы бокс пен шахмат бір-біріне ұқсас спорт қой. Екеуінде де ақылмен, ойланып қадам жасамасаң жеңіліп қалуың мүмкін. Иә, бокста соққы маңызды роль ойнайды. Десе де, сол соққыңды ойланып, қарсыласыңның жүрісіне қарай бағыттамасаң, соққың өзіңе қарсы жұмсалуы ғажап емес. Бокста да әр бір қимылыңды, жүрісіңді, соққыңды шахмат спортындағыдай ойланып жұмсамасаң өзіңе қымбатқа соғады. Сол үшін боксшы шахматты да ойнау білу керек деп айтқан болатынмын.

F:  Кәсіпқой боксқа келуіме Геннадий Головкин себеп болды деген едің? Нақты қалай ықпал етті, онымен байланысың бар ма?

– Геннадий Головкин ағамыз тек менің ғана емес, бүкіл қазақ елінің боксшыларының кәсіпқой рингке ауысуына ықпал етті деп сеніммен айта аламын. Өйткені ол әуесқой бокстан кейін де арғы қарай «өмір» бар екенін көрсете білді. Бұрын әуесқой боксшылар арасында ұлттық құрама сапына кіру Олимпиада немесе әлем чемпионы атану – бокстың шыңы деп есептелетін. Ал бұл стеоротипті Геннадий бұзды. Егер сен өз салмағыңның үздігі бола тұрып, Ұлттық құрама сапына немесе Олимп шыңын бағындыра алмасаң, карьераңды ары қарай кәсіпқой бокста жалғастырып, сол жақта да әлем чемпионы атануың мүмкін. Өзіңіз білетіндей, бүкіл әлем Қазақстанды бокстан держава ел ретінде біледі. Бізде талантты боксшылар өте көп. Бірақ ұлттық құрама сапында орын саны шектеулі, екінің бірі құрамаға мүше болып қабылданбайды. Сондықтан кәсіпқой боксқа ауыс та, озiннiн мықты екеніңді дәлелдей бер.

Осыдан 10 жыл бұрын ұлттық құрамаға қабылдана алмай, елімізге кәсіпқой бокс түсінігі әлі келе қоймаған кезде, қаншама талантты ағаларымыз қолғаптарын шегеге iлiп жатты. Жоғарыда айтқанымдай ол кезде боксшынын шыңы – Олимпиада болатын. Ал қазір мүлде басқа. Қазір 100-ге жуық қазақстандық боксшы әлемнің әр шетінде кәсіпқой бокспен шұғылданып, Қазақ елінің абыройын асқақтатып жүр.

F:  Қазіргі рейтингің қандай? Алда қандай жоспарлар бар?

– Жоғарыда IBO әлем чемпионына үміткер бола алатын вакантты белдігін жеңіп алғанымды айттым ғой. Қазір сол рейтингтің ТОП-100 боксшының арасында 50-орында тұрмын. Әлемдік BoxRec сайтының рейтингі бойынша да өз салмағымның үздік 50 боксшының қатарында келемін. Алла Бұйырса, алдағы жекпе-жектен кейін де рейтингте үлкен бір серпіліс болуы керек деп ойлаймын. Әрине, алдымен жеңіске жету керек. Қазір менің бар мақсатым – алдағы жекпе-жекке дайындалып, жеңіске жету. Қалғаны сол жекпе-жектен кейін белгілі болады Алла каласа.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1325 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
25 мая родились
Данияр Акишев
председатель Национального банка РК
Самые интересные материалы сайта у тебя на почте!
Подпишись на рассылку
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить