Қазақстандық Батыр Жүкембаев мексикалық Луис Хесус Видалеспен жұдырықтасады

12190

Кәсіпқой боксшы бұл кездесуден кейін америкалық «Golden boy Promotions» компаниясымен келісімшартқа отырмақ

Батыр Жүкембаев - Қазақстандық кәсіпқой боксшы, рингтегі рекордтық көрсеткіші 15-0-0 (12KO). Жалпы 15 кездесу өткізіп, 12 нокаут тіркеген талантты былғары қолғап шебері. WBC Continental и IBO International Champion чемпиондық белбеулернің иегері. Канададағы «Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясымен жұмыс істейді. Монреаль қаласында тұрады және жаттығады. Бұған дейін SPN телеарнасының журналисті - Стефан Эспиноза, Батырды «Головкиннің ізбасары» деп атаған болатын. Батырдың кезекті жекпе-жегі 2019 жылдың 17 мамыр күні Канадада өтеді. Қарсылас кім, рингтегі жоспар қандай, Батыр Жүкембаев Америкаға қашан аттанады, алда қандай компаниямен келісімшартқа отырады? Бұл жайында боксшы Forbes.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып береді.

F: Батыр, кезекті қарсыласың Луис Видалес екені белгілі. Қарсыласың туралы не ойлайсың, қандай боксшы?

- Иә, жұрыдықтасу 2019 жылдың 17 мамырына белгілінген. Қазақстандықтар бұл бәсекені 18 мамыр күні Хабар арнасынан көре алады, тікелей эфир таңғы сағат 07:00 басталады. Кездесу әдеттегідей өзім тұрып жатқан Канаданың Монреаль қаласында өтеді. Ал, қарсыласым мексикалық Луис Хесус Видалес (19-6, 6КО) деген өте тәжірибелі боксшы, мен үшін жеңіл қарсылас емес. Бірақ, мен және біздің команда барлығына дайынбыз! Ал менің кездесуімді тағатсыздана күтіп отырған жанүкүйерлерден, Қазақстаннан тек қана қолдау қажет.

F: Жұдырысқасуға деген дайындық қандай? Күн тәртібі қандай? Қандай да бір жоспарың бар ма?

- Иә, жекпе-жекке санаулы ғана уақыт қалды, сондықтан біз тек дайындықты арттыруға күш салудамыз. Күн сайын жаттығу, танымсыз уақыт. Әрине, әрбір кездесу алдында осылай болады, бірақ мен үшін бұл жекпе-жектің орны өз алдына бір бөлек. Сондықтан, жеңіс шыңынан көріну үшін барымызды салып жатырмыз. Жалпы, бұл жекпе-жекке деген дайындығымыз Аллаға шүкір жақсы, әрине, әрбір боксшының, команданың өз жоспары болатыны белгілі, біздің де қарсыласқа деген белгілі бір жоспарымыз бар. Оны тек рингтен көресіздер.

F: Жуырда ақпарат құралдарында Америкаға аттанып, жаңа келісімге қол қоятының туралы мәлімет тарады. Қай кезге жоспарлаудасын, кімдермен келіссөз жүруде? Ұсыныс қай тараптан болды?

- Иә, бұл алда тұрған басты әрі негізгі жоспарлардың бірі. Қазіргі кезде менің промоутерім америкалық «Golden boy Promotions» компаниясымен келіссөздер жүргізу үстінде, жуырда келісімшарт жасалады деген сеніміміз бар, сондықтан жақын арада жақсы жаңалық болуы керек. Ал осы жекпе-жектердің барлығы Америкаға шығуға деген дайындық. АҚШ бокс нарығына құр бос қол баруға тағы болмайды, рейтинг керек, дәреже болуы шарт, арналар арқылы берілген трансляциялардың болғаны жақсы, қысқасы талай мықтыларды жеңгеніңді дәлелдейтін биография болуы тиіс. Алдағы асқақ арманым АҚШ боксының биігін бағындыру болып табылады. Бұйыртса бұл күнге де жетеміз деген ойдамыз.

F: Ал қазіргі промоутерлік компания бұған қалай қарайды? Арадағы келісім қандай еді?

- Иә, бұл ең алдымен тек менің ғана емес, командамның жоспары екенін айта кету керек. Қазір мен жұмыс істеп жатқан және әлемге кеңінен танылған «Eye of the Tiger Management» промоутерлік компаниясы әйгілі америкалық «Golden boy Promotions» компаниясымен бірге жұмыс істейді. Сондықтан, менің промоутерім Камиль Эстефан бұған жақсы қарайды және қазірде арадағы келісімдер мен шарттарға жеке өзі араласуда, бәрін өзі жүргізуде. Яғни, менің командам маған тек қолдау жасап отыр, биіктен көрінуіме барынша мүмкіндік жасауда.

F: Бұған дейінгі, яғни 15–ші жеңісіке оралсақ. Қарсыласыңның, яғни Хильберто Мессаның қауқары қандай болды? Жұрт бұл бәсекеден нокаут күткен еді, бірақ сен ұпай санымен жеңдің? Неліктен олай болды?

 

- Әрине, бұл жұдырықтасу оңай болмады. Оның үстіне қарсылас осал емес, жәй «қапшық» деуге келмейді, өте мықты,тәжірибелі боксшы. Әрине, кез келген жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтағың келеді, бірақ рингтегі жағдайды болжай алмайсын, сондықтан бұл жерде соңғы раундқа дейін арпалысуға тура келді. Ең бастысы күшті үнемдеп, әрбір соққыны дәл әрі уақытылы жасау керек болды. Мен оны жақсы түсіндім. Осылайша алғаш 10 раунд бойы жұдырықтастым. Судьялардың шешімі белгілі. Енді, бұл бокс болғандықтан бәрі біз ойлағандай бола бермейтіні анық, бірақ мен өте қуаныштымын, себебі мен үшін бұл өте жақсы тәжірибе болды. Оның үстіне мен өзге мексикалықпен жұдырықасуым керек болатын, бірақ белгілі бір себептермен ол бас тартып, жағдай осылай қалыптасты.

F: Бұл жеңістен кейін бокс рейтінгіндегі дәрежең қалай өсті. Алдағы жұдырықтасу нәтижесінен не күтеміз?

- Иә, рейтинг уақыт өткен сайын өзгеріп отырады. Мен бұған дейін сол рейтинг бойынша ТОП-100 боксшының арасында 20 боксшының құрамына енген болатынмын. Бірақ, бұл көрсеткіш жаңарып отырады, қазір 28-ші сатыда тұрмын. Әлемдік BoxRecсайтының рейтингі бойынша да өз салмағымның үздік 50 боксшының қатарында келемін. Әрине, бұл өткен уақыттан әлдеқайда жоғары. Алла қаласа, алдағы жекпе-жектен өте жақсы, тартысты кеш күтініздер.

F: Алдағы күні өзіңмен бірге тағы кімдер өнер көрсетеді. Қазақстандықтар бар ма?

- Алдағы бокс кешінде бірқатар елдердің боксшылары өнер көрсетеді. Әрине, біздің командада жаттығып жүрген қазақ жігіттері барын бұған дейін айтқан болатынмын. Бірақ, бұл шоуда қазақ жігіттерінен тек мен ғана шығамын. Сондықтан, маған жүктелетін жауапкершілік, артылған үміт үлкен. Мен оны ақтаймын деп сенемін және жақсы сезінемін.

F: Қарсыластарыңның дені мексикалықтар және бокс әлемінде олардың өз орны ар. Жалпы олардың бокс стилі туралы не ойлайсын? Қазақ стилінің ерекшелігі неде?

- Иә, әрбір елдің боксшыларының қалыптасқан дәстүрлі стилі бар. Бұл негізі олардың бокс мектебіне байланысты. Ал енді мексикалықтарға келетін болсам, олардың бокс стилі агрессиялы бокс болып келеді, көбінесе төбелеске жақын стиль деп ойлаймын. Ал, қазақтардың бокс мәнері өз алдына бір бөлек, қазақ боксы әлемдік аренада өзіндік теxникасымен ерекшелінеді. Ал бұл теңдессіз шеберлік тек қазақстандық былғары қолғап шеберлеріне ғана тән деуге болады.

F:  Кейінгі кездері қазақстандықтар сенің кездесулеріңді тікелей эфирде көре бастады. Трансляция мәселесі қалай шешілді?

- Иә, бұған дейін қазақстандықтар менің жекпе-жектерімді негізнен ғаламтор арқылы тамашалап келгені белгілі. О баста барлық боксшыларда осылай болатыны анық. Себебі, рейтинг жинау керек, дәреже болуы тиіс, атақ шығару үшін уақыт және мықты қарсыластар қажет. Енді міне Қазақстанда менің бокс кешімді тікелей эфирде көрсетіп жатқанына мен өте қуаныштымын. Бұл келісімшартты Хабар арнасымен бұған дейін менің командам жасаған болатын.

F: Жарнамамен жұмыс істеу жоспарда бар ма? Ұсыныс жасағандар бар шығар?

- Әрине, бокс болған жерде жарнамасыз болмай тұрмайды, Канадада, Америкада бұл жолға қойылған үлкен табыс көзі. Жарнама компанияларымен жұмыс істеу менің де жоспарымда бар, Алла каласа бұл жуақ арада жүзеге асуы тиіс, сонымен қатар қазірде ұсыныс жасап жатқандар да бар. Бәрі ретімен болады деген ойдамын.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить