Қазақстан 30 жыл ішінде қанша Жазғы Олимпиадаға қатысты, қанша медаль иеленді

20560

Ұлтық құраманың рейтингі қалай өзгерді, сыйақы көлемі қандай болды?

ФОТО: Сали Сабиров/НОК РК

Бұл туралы Forbes.kz тілшісінің шолуында кеңінен айтылады.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жылдардан бастап, 30 жыл ішінде әлем елдерінде өткен 8 Жазғы Олимпиадаға қатысты. Еліміздің спортшылары ең алғаш 1992 жылы Барселонаға аттанды (Испания), бірақ олар онда Біріккен команда құрамында өнер көрсеткен болатын. Қазақстан спортшылары өз алдына ұлттық құрама ретінде тек 1996 жылы тұңғыш рет Атлантада (АҚШ) өткен олимпиадаға қатысты. Қазақстандықтар бұл бәсекеде жалпы 11 медаль олжалап, 196 мемлекеттің ішінде 22-ші орынға тұрақтады. Бұл шән мәнінде әлемдік ойындарға тәуелсіз мемлекет ретінде және өз алдына құрама команда жасақтап қатысқан жас мемлекет үшін үлкен жетістік болған еді. Америкада өткен жаһандық жарыста қазақ боксышылары керемет нәтиже көрсетті, мысалы «Балхаш жолбарысы атанған» Василий Жиров Олимпиада чемпионы болып қана қоймай, шаршы алаңда ең үздік атанып, «В.Баркер» кубогін жеңіп алды. Ал былғары қолғап шебері Болат Жұмаділов күміс, Болат Ниязымбетов пен Ермахан Ыбрайымовқа қола бұйырды. Грек-рим күресінің палуаны Юрий Мельниченко алтыннан алқа тағынса, бессайыс бойынша Александр Парыгин алтынмен оралды. Мылтық атудан Сергей Беляев күміс, Владимир Вохмянин қола, ауыр атлетикадан Анатолий Хропатый күміс медальдарды иеленді. Қазақстан осылайша 3 алтын, 4 күміс, 4 қола алып қайтты. Қазақстан құрамасы 96 спортшыдан тұрды, олардың ішінде 72 ер азамат, 24 әйел болды. Спорт комментаторы Қайырхан Мәуленнің айтуынша бұл өте қиын кез болатын.

Қайырхан Мәулен
Қайырхан Мәулен

-Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Олимпиадасында жүлде алған спортшылардың ішінен өзім ерекше құрметтейтіні Мәулен Мамыров. 52 келіге дейінгі салмақта боз кілемде атой салды. Осы салмақта жүлде алу қиынның қиыны болатын. Кілең сайыпқырандар еді. Мамыров күрескен жігіттердің бәрінің де атағынан ат үркитін. Еуропаның чемпионы, Сеул Олимпиадасының жүлдегері, Әлем чемпионатының жүлдегері Владимир Тогузов, жаһан біріншілігін 7 рет жеңіп алған Валентин Иорданов, Ол Монгуш сияқты белді балуандар арасынан жарқырап көрінді. Қазақстан Атлантадан олжалы қайтты. 11 медаль, 22-ші орын, 200- дей ел бақ сынады. Ә дегенде елді бүкіл әлемге танытты. Тоқырау кез. Елдегі эканомикалық ахуал мәз емес еді. Бәлкім соған байланысты шығар үкімет жүлдегерлерге жетістіріп сыйақы да берме алмады. Намысты жігіттер, елдегі батырлар қол ұшын созып, спортшыларды қолдады. Спортқа ерекше көңіл аударыла бастады. Ал, ресми сыйақы тек 2000 жылы тағайындады-дейді Қайырхан.

Австралия астанасы Сиднейде өткен Жазғы Олимпиада ойындары да біз үшін табысты болды. Қазақстан онда 130 спортшымен (86 ер, 44 әйел) барды, нәтижесінде құрама қоржынына 3 алтын, 4 күміс, жалпы 7 медаль түсті. Бұл жолы да шаршы алаңның шеберлері көш бастады, әуесқой бокстан Бекзат Сәттарханов пен Ермахан Ыбырайымов алтын алып, олимпиада чемпионы атанса, Болат Жұмаділов пен Мұхтархан Ділдәбеков күміске қол жеткізді. Ал жеңіл атлетикадан Ольга Шышыгина бәрінен жүйрік атанып, алтын медаль тақса, велоспорттан Александр Винакуров, еркін күрестің палуаны Ислам Байрамуков Сиднейдің күміс жүлдегерлері атанды.

Сиднейдің үздіктеріне тағайындалған жүлде қоры да қомақты болды. Мемлекет бірінші орынға $100 000, екінші орынға $50 000, үшінші орынға $ 30 мың қаржылай сыйақы белгіледі. Ал 4-ші және 6- шы орын иеленгендерге $3 000 мен $10 000 аралағында сыйақы төленді. Бұл бәсекеде 81 мемлекетінің өкілдері медальға қол жеткізсе, соның ішінде Қазақстан құрамасы 22-ші сатыдан көрінді.

Афины. 2004 жыл. Қазақстан құрамасы Грекия астанасына 119 спортшымен аттанды, олар 17 спорт түрі бойынша бақтарын сынады. Алғаш Ұлттық олимпиада комитеті бастап барған байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы қатысушы мемлекеттер арасында 40-шы орынға тұрақтады, бұл өткен олмпиадамен салыстырғанда 18 сатыға төмен. Дегенмен, бұл жолы да бокс пен күрестің майталмандары биіктен көрінді. Былғары қолғап шеберілері Бахтияр Артаев алтыннан алқа тағынса, Геннадий Головкинге күміс бұйырды, ал Серік Елеуов қоланы қанағат тұтты. Грек-рим күресінен Георгий Цурцумия күміс, Мхитар Манукян қола, ал еркін күрестен Геннадий Лалиев күміспен оралды. Ауыр атлетикадан Сергей Филимонов күміс, жеңіл атлетикадан Дмитрий Карпов қола медальдарды жеңіп алды.

Жүлде қоры өзгерген жоқ. Бірінші орын- $100 000, екінші орын- $50 000, үшінші орынға- $ 30 мың берілді. Ал одан кейінгі орындарға $3-10 мың аралығында сыйақы бұйырды.

Бейжің-2008. Қазақстан құрамасы Қытай астанасында өткен олимпиадада спорттың 22 түрінен өнер көрсетті, қатысушылардың жалпы саны 132 адамнан тұрды. Бұл жолы Қазақстан жалпыкомандалық есепте 29-шы орынға көтеріліп, ел спортшылары 2 алтын, 4 күміс, 7 қоламен оралған еді. Ал араға уақыт салып 5 спортшы допинг дауына байланысты медальдарынан айырылды.

Қытайдағы бәсекеде әуесқой боксшы Бахыт Сәрсекбаев көк туды желбіретіп, алтын иеленсе, Еркебұлан Шыналиев қоланың биігінен көрінді, ауыр атлетикадан Алла Важенина олимпиада чемпионы болса, жеңіл атлетикадан Ольга Рыпакова, дзюдодан Асхат Жеткеев, грек-рим күресінен Нұрбахыт Теңізбаев күміске лайық болды. Ал қыздар арасындағы еркін күрестен Елена Шалыгина қола тақса, ерлер арасында Марид Муталимов осындай медаль жеңіп алды. Тағы бір қоланы тхэквондо бойынша Арман Чилманов алып қайтты.

Құрама қоржынында алғашында 17 медаль болса, допинге қатысты 5 спортшының жеңісі қайта қаралып, есепке алынбады. Олардың ішінде Илья Иьлин, Ирина Некрасова, Марина Грабовецкая (ауыр атлетика), Таймураз Тагиев (еркін күрес), Әсет Мәмбетов (грек-рим күресі) алтын, күміс, қола медальдарын қайтарды.

Үкімет бұл жолы жеңімпаздарға берілетін сыйақы көлемін едәуір арттырды. Олимпиада чемпионына- $250 000, күміс медальға-$150 000, қола алғандар $75 мың алды. Одан кейінгі үш орынға $5-30 мың аралығында қаржы берілді.

Рио-Де-Жанейро. Қазақстан 2016 жылы Бразиялияда өткен жазғы Олимпиада ойындарына 104 атлетті аттандырды, олар спорттың 17 түрінен сайысқа түсті. Әлемдік бәсекенің қорытындысы бойынша ұлттық құрама толағай табыстарға жетіп, олар жеңіп алған медальдар саны бойынша өзіндік рекорд жасады. Қазақстан бұл жолы 18 медаль, оның ішінде 3 алтын, 5 күміс, 10 қола ұтып алды және жалпыкомандалық бейресми есепте 22 –ші орыннан көрінді. Алғаш болып алтынға суда жүзуші Дмитрий Баландин қол жеткізсе, одан кейін ауыр атлет Ниджад Рахымов олимпиада чемпионы атанды. Көп ұзамай былғары қолғап шебері Данияр Елеусінов қарсыластарның бәрін айқын басымдықпен ұтып, еліміздің әнұранын шырқатып, олимп шыңына шықты. Күміс жүлдені дзюдошы Елдос Сметов, ауытр атлетикадан Жәзира Жаппарқұл, әуесқой боксшылар Василий Левит, Әділбек Ниязымбетов, күрестен Гюзел Манюрова қанжығасына байлады. Қолаға қол жеткізгендердің қатарында қыздар арасында бәсекеге түскен дзюдошы Галбадрах Отконцэцэк, ауыр атлетикадан ерлер арасында Фархад Харки, Александр Зайчиков, әйелдер арасында Карина Горичева, жеңіл атлетикадан әйелдер арасында Ольга Рыпакова, еркін күрестен Эльмира Сыздыкова, Екатерина Ларионова, бокстан Иван Дычко, бокстан әйелдер арасында сынға түскен Дариға Шакимова болды. Қазақстан құрамасында алтын, күміс, қоладан бөлек екі төртінші орын, бесінші орын алған алты адам болды.

Алтын алғандарға берілетін сыйақы көлемі өзгерген жоқ. Бірінші орынға $250 мың, күміс алғандар $150 мың, қолаға $75 мың бұйырды. Ал 4, 5, 6-шы орындарға $5-30 мың аралығында қаржылай сый берілді. Қайырхан Мәуленнің пікірінше негізінен, спортшыларға берілетін сыйақыны санаудың, сынаудың қажеті жоқ.

- Рас, олардікі есіл еңбек. Кез-келген адам баласы 15-16 жасынан бастап 25-30 жасқа дейін нақты мамандығын белгілеп, болашақта қалай өмір сүретінін, табыс көзін айқындап алады. Ал, тура осы жаста спортышылардың жеке өміріне уақыты болмайды. Залдан шықпайды. Жаттығудан жаттығу. Үздіксіз жарыстар. Ал, 30-35 жасында үлкен спортты тәрк еткеннен кейін қалай өмір сүрмек? Оған жағдайды кім істейді? Сондықтан, жақсы жалақы, көп сыйақы бұл дұрыс-ақ. Таяқтың екі ұшы бар дегенмен. Біз өзі мәрт халықпыз ғой. Намысымызды жықпаса, онсыз да көтеріп аламыз. Сондықтан, бұл әңгіменің түйіні сол намысқа келіп тіреліп тұрады. Елдің абыройын спортшыларымыз асқақтатса екен деген тілек болады. Және бұл тек Олимпиада ойындарында, әлем чемпионаттары сынды айтулы жарыстарда ғана көрінеді көпшілікке. Алайда ұятқа қалмаудың кілті тереңде жатыр. Терең өзеннің ағысы білінбейді. Сол сияқты қаншама мамандар осыған ертеден тер төгеді. Дайындықты күнде көрмейміз. Қандай жағдай жасалып жатыр? Спорттық медицина, спорттық психология, спорттық тағам сияқты балалары алтын алып жатқан елдердікіндей бізде де жұмыс істей ме? Осыған көбірек мән беруіміз керек. Барлық кінәрат спортшыда емес. Әрине, намыс пен жігерді талап етуге құқылымыз. Бірақ, сұрау үшін де беру керек. Қысқасы, ойланатын, тек ойланып қоймай білекті сыбанып, белді түйіп іске кірісетін кез келді. Берсең қолыңнан, бермесең жолыңанан дейін нағыз қайсар спортшыларды тәрбиелеуге тиіспіз!-дейді спорт комменторы.

Қазақстан үшін Токио-2020 олимпидасы тосын тартуларға толы болды. Ұлттық құрама Жапониядағы жазғы ойындарда тәуелсіздік жылдары болмаған ең төменгі нәтижені көрсетті. Қазақстандық спортшылар қанша жерден намысқа тырысқанымен қола медальдан аса алмады. Бұл Қазақстан тарихында алтын мен күміс бұйырмаған алғашқы олимпиада болды, оның ішінде боксшылар алғаш алтынсыз оралды. Олимпиада нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы 8 қола медаль алып, 83 орынға тұрақтады. Ел қоржынына қола салғандар: дзюдадан Елдос Сметов, ауыр атлетикадан, Игорь Сон, әйелер арасында Зульфия Чиншанло, бокстан Қамшыбек Қоңқабаев, Сәкен Бибосынов, еркін күрестен Нұрислам Санаев, каратэден Дархан Асаділов, каратэден әйелдер арасында Софья Берульцева. Бұған дейін ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Токиода алтын алғандарға $250 000, күміске $150 000, қолаға $75 000 төлеу туралы ереже қабылданғаны туралы айтқан еді. Министр бұл қаржынның 10% сол спортшыны тақан бапкерге, 80% спортшыны дайындаған бапкерге, тағы 10% бас бапкерге табысталатынын мәлімдеді. Бірақ бұл жолы барлық жеңімпазға үшінші орынның сыйақысы бірдей бұйырмақ. Енді отандық спортшылар Токио олимпиадасынан сабақ алып, кезекті олимпиадаға дайындалады. Келесі Жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылы Парижде өтетіні белгілі.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить